Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекеменің басшысы тергеуге алынды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасыты "Фитосанитария" РМК бас директоры тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Заң бойынша "Фитосанитария" шаруашылық жүргізу құқығымен республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып құрылған. Оған кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болмайды. Бірақ мекеме басшысы заң талабына қарамай, өткен жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген.
"Күдіктінің мемлекетке жасаған іс-әрекетінен келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Солтүстік Қазақстан облысында Аграрлық кредиттік корпорациясының филиал басшысын ұстаған. Ол бірнеше рет пара алғаны үшін айыпталып отыр.
Жаңалықтар
0