Астанада адамдар тұрған аялдамаға көлік соғылды - зардап шеккендер бар

© Sputnik/Ляля ЛиловаСкорая помощь
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек - Sputnik. Астанада көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус аялдамасына соғылды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды полиция департаменті.
Оқиға таңғы сағат сегіз шамасында болған. Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен Жүргеновке қарай жүріп келе жатып, апаттық жағдай жасаған. Салдарынан сол бағытта келе жатқан Mazda көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, аялдамаға соғылады.
"Бейнебақылау камераларын қараған кезде Mazda автокөлігіне Mercedes-Benz шағын автобусы апаттық жағдай жасаған. Жол апатының себебі анықталып жатыр", - деді Астана қаласы полиция басқармасының бастығы Елжан Шүпеков.
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, қаза болғандар жоқ. Ал денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат дайындалып жатқандығын айтты.
Жаңалықтар
0