Ақтөбеде монополия субьектісі 160 млн теңгенің жұмысын орындамаған

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
Прокурорлар сумен жабдықтаудың тарифін 4,6%-ға төмендетті
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысының прокуратурасы сумен жабдықтау саласындағы заңсыздықтарды анықтап, тарифті төмендетті.
"Ақтөбе қаласында "Aqtobe su-energy group" АҚ табиғи монополия субъектісі 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіту кезінде 160 млн теңгеден астам сомаға Сазда ауданының су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. Алайда инвестициялық бағдарлама орындалмаған", - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде сумен жабдықтаудың тарифі 4,6%-ға, яғни 1 текше метр үшін 93,5 теңгеден 89,2 теңгеге дейін төмендетілді.
Осылайша облыс прокуратурасы 152 мыңнан астам тұтынушының құқығын қорғады.
Уборка контейнеров с бытовыми отходами в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Бурабайда коммуналдық қызметтердің тарифі жасанды түрде көтерілген
Жаңалықтар
0