https://sputnik.kz/20230928/toqaev-germaniya-kantslerimen-keneytilgen-quramda-kelissoz-zhurgizdi-38858875.html
Тоқаев Германия канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Тоқаев Германия канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Sputnik Қазақстан
Президент Шикізатты бірлесе игеру жобаларын іске асыру жөніндегі консорциум құруды ұсынды 28.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-28T20:24+0500
2023-09-28T20:24+0500
2023-09-28T20:24+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38858614_25:0:3666:2048_1920x0_80_0_0_8c7587ad8c981208dffeb61c95b18c91.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев нақты қадам ретінде жеке неміс инвесторлары қатысатын жобаларды қаржыландыру бойынша екіжақты Жұмыс тобының қолдауымен Шикізатты бірлесе игеру жобаларын іске асыру жөніндегі консорциум құруды ұсынды. Германия тарапын Транскаспий бағытының әлеуетін пайдалануға, сондай-ақ Каспийдегі Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын дамыту ісіне қатысуға шақырды.Сонымен қатар президент неміс тарапын жаңартылатын энергия көздерін, соның ішінде "жасыл" сутегін дамыту үшін анағұрлым тығыз қарым-қатынас орнатуға үндеді. Бұл ретте Маңғыстау облысында Svevind Energy неміс-швед компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "жасыл" сутегін өндіру жобасының маңыздылығы аталып өтті.Мемлекет басшысы неміс әріптестерінің назарын Қазақстан азаматтарына қатысты виза режимін жеңілдету мүмкіндіктеріне аударды.Федералдық канцлер Олаф Шольц Германия тарапының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.Канцлер Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды толық қолдайтынын әрі оған оң баға беретінін жеткізді. Канцлердің пікірінше, заң үстемдігін қамтамасыз ету – елді орнықты дамытудың және шетелдік инвесторларды қолдаудың ең басты шарты.Германия тарапы Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға дайын екенін нақтылады. Атап айтқанда, мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуға, жеткізу тізбегін әртараптандыруға және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.Сондай-ақ "Жасыл" энергетиканы пайдалану және климат мәселесін бірлесіп ілгерілету бағытында қарқынды қарым-қатынасты жолға қою қажет екеніне назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38858614_480:0:3211:2048_1920x0_80_0_0_4ed032ea1ad29a1ddd3743e2679fd487.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Германия канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент Шикізатты бірлесе игеру жобаларын іске асыру жөніндегі консорциум құруды ұсынды
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев нақты қадам ретінде жеке неміс инвесторлары қатысатын жобаларды қаржыландыру бойынша екіжақты Жұмыс тобының қолдауымен Шикізатты бірлесе игеру жобаларын іске асыру жөніндегі консорциум құруды ұсынды. Германия тарапын Транскаспий бағытының әлеуетін пайдалануға, сондай-ақ Каспийдегі Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын дамыту ісіне қатысуға шақырды.
Сонымен қатар президент неміс тарапын жаңартылатын энергия көздерін, соның ішінде "жасыл" сутегін дамыту үшін анағұрлым тығыз қарым-қатынас орнатуға үндеді. Бұл ретте Маңғыстау облысында Svevind Energy неміс-швед компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "жасыл" сутегін өндіру жобасының маңыздылығы аталып өтті.
Мемлекет басшысы неміс әріптестерінің назарын Қазақстан азаматтарына қатысты виза режимін жеңілдету мүмкіндіктеріне аударды.
Федералдық канцлер Олаф Шольц Германия тарапының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Канцлер Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды толық қолдайтынын әрі оған оң баға беретінін жеткізді. Канцлердің пікірінше, заң үстемдігін қамтамасыз ету – елді орнықты дамытудың және шетелдік инвесторларды қолдаудың ең басты шарты.
Германия тарапы Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға дайын екенін нақтылады. Атап айтқанда, мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуға, жеткізу тізбегін әртараптандыруға және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Сондай-ақ "Жасыл" энергетиканы пайдалану және климат мәселесін бірлесіп ілгерілету бағытында қарқынды қарым-қатынасты жолға қою қажет екеніне назар аударды.