https://sputnik.kz/20230928/germaniya-qazaqstanmen-tabigatty-qorgau-tazhiribesin-bolisedi-38855785.html
Германия Қазақстанмен табиғатты қорғау тәжірибесін бөліседі
Германия Қазақстанмен табиғатты қорғау тәжірибесін бөліседі
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның экология министрлігі мен Германияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең ірі үкіметтік емес ұйымы арасында меморандумға қол қойылды 28.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-28T19:43+0500
2023-09-28T19:43+0500
2023-09-28T19:43+0500
табиғат
германия
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36728082_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_6c3fbc4159ca62b12778129a89bb6009.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі мен "Германияның табиғатты қорғау одағы" (NABU) жабайы жануарлардың қауіп төнген мекендеу ортасын қорғау, сондай-ақ табиғи ресурстарды үнемді пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Қазақстан тарапынан құжатқа министр Ерлан Нысанбаев, ал неміс тарапынан NABU ұйымының Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы командасының басшысы Томас Тенхардт қол қойды.Хабарламада аталған меморандумға қол қою Қазақстанға табиғатты қорғау, климатты қорғау және соған байланысты іс-шаралар бойынша жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні аталып өткен."Германияның табиғатты қорғау одағы" – бұл Германияның табиғатты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең көне және ең ірі үкіметтік емес ұйымы (900 мыңнан астам мүшесі бар). Өзендер, теңіздер, ормандар және басқа да экожүйелерді сақтау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген топтары мен түрлерін қорғауды қоса алғанда, елде және одан тыс жерлерде табиғатты қорғау бойынша әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырады. 1899 жылы негізі қаланған, штаб-пәтері Берлинде орналасқан.
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36728082_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_87cc5d4122e7d1cde4eda2421a5da242.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
табиғат, германия
Германия Қазақстанмен табиғатты қорғау тәжірибесін бөліседі
Қазақстанның экология министрлігі мен Германияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең ірі үкіметтік емес ұйымы арасында меморандумға қол қойылды
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі мен "Германияның табиғатты қорғау одағы" (NABU) жабайы жануарлардың қауіп төнген мекендеу ортасын қорғау, сондай-ақ табиғи ресурстарды үнемді пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан тарапынан құжатқа министр Ерлан Нысанбаев, ал неміс тарапынан NABU ұйымының Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы командасының басшысы Томас Тенхардт қол қойды.
Хабарламада аталған меморандумға қол қою Қазақстанға табиғатты қорғау, климатты қорғау және соған байланысты іс-шаралар бойынша жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні аталып өткен.
"Германияның табиғатты қорғау одағы" – бұл Германияның табиғатты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең көне және ең ірі үкіметтік емес ұйымы (900 мыңнан астам мүшесі бар). Өзендер, теңіздер, ормандар және басқа да экожүйелерді сақтау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген топтары мен түрлерін қорғауды қоса алғанда, елде және одан тыс жерлерде табиғатты қорғау бойынша әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырады. 1899 жылы негізі қаланған, штаб-пәтері Берлинде орналасқан.