Ғауез Нұрмұхамбетовтің сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГауез Нурмухамбетов
Гауез Нурмухамбетов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Сенаттың бүгінгі отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалған Ғауез Нұрмұхамбетовтың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Отырысқа Нұрмұхамбетовтың өзі де келді. Оған сенаттың құрмет грамотасы табысталды. Осыдан кейін облыс басшысы бұрынғы әріптестеріне және оны қызметке тағайындаған президентке алғысын айтты.

“Мемлекет басшысына маған зор сенім білдіріп, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындағаны үшін алғысымды білдіремін. Маған үлкен жауапкершілік жүктелді. Депутат қызметінде сіздермен бірге бір жылдай жұмыс істедік. Бір жыл аз уақыт шығар, бірақ мен үшін қызықты да маңызды кезең болды. Қаңтар айында сенатқа келгенде әріптестеріміз жылы қарсы алып, мені бауырына басты. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Президенттің және халықтың үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді саламын деп уәде етемін”, - деді Нұрмұхамбетов.

Айта кетері, өткен сенбі, 23 қыркүйекте Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Руководитель администрации президента представил нового акима Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2023
Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкіміне қандай міндеттер жүктелді
Жаңалықтар
0