ЕАЭО елдері индустрияландыру картасы аясында 150-ден астам жобаны жүзеге асырады

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2023
Жазылу
Одақтың индустрияландыру картасы 2020 жылы қабылданды
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО қазірдің өзінде 25 салада жалпы сомасы 26 триллион рубльден асатын Индустрияландыру картасының 150-ден астам жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады РФ премьер-министрі Михаил Мишустин.
"Біздің әлеуетіміздің бұдан да жоғары екеніне сенімдімін. Сондықтан біз мұндай жұмыстардың тиімділігін арттыруға, технологиялар трансфертін, ғылыми-техникалық ақпарат алмасуға және тұтастай алғанда, ауқымды басым міндеттерді жүзеге асыруға жәрдемдесуіміз керек", - деді Михаил Мишустин Астанадағы Иннопром көрмесінде.
Одақтың индустрияландыру картасы 2020 жылы қабылданды. Ол мына ақпаратты қамтиды:
іске асырылып жатқан және іске асыру жоспарланған ірі инвестициялық жобалар туралы;
импортты алмастыруды жүзеге асыру орынды болатын және тиісті жобаларды іске асыруға қатысуға дайын кәсіпорындар бар кооперативтік байланыстар, технологиялық бағыттар туралы;
үшінші елдерден ең көп импортталатын өнеркәсіп өнімдері туралы.
Карта қабылданған кезде экономиканың 21 секторындағы жалпы құны 194,5 миллиард долларды құрайтын 180-ге жуық жоба туралы мәліметтерді қамтыды.
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
ЕАЭО-да 2027 жылға дейін көлікке SOS батырмасын орнату талаптары алынып тасталды
Жаңалықтар
0