https://sputnik.kz/20230927/zhyl-basynan-beri-16-mynnan-astam-etnikalyq-qazaq-qandas-martebesin-aldy-38804638.html
Жыл басынан бері 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жыл басынан бері 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанға келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан, 19,6% Қытайдан келген 27.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-27T07:31+0500
2023-09-27T07:31+0500
2023-09-27T07:33+0500
қандастар
https://sputnik.kz/img/1013/05/10130565_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_616ccecdf0d2d6ba64a26534141cdc60.jpg
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 026 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,2 мың этникалық қазақ оралды.Еңбекке қабілетті жастағы қандастар саны 61,4%, ал зейнет жасындағылар саны 8,5%-ды құрайды.Ал білімі жоғарылар 15,6% болса, 34,4%-ы орта кәсіби білімді, 41,2%-ы жалпы орта білімді."Қоныс аударған этникалық қазақтар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды. Оларға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде төленді", - дейді ведомство.493 қандас тұрақты жұмысқа орналастырылды, 918 адам біржолғы субсидия алды, ал 383 қандасқа тұрғын үй шығыны субсидияланды.
https://sputnik.kz/20230825/biyl-801-qandas-grantqa-tusti-37940878.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1013/05/10130565_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_d660613f6a1e0874d4688acf6af9d230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар
Жыл басынан бері 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
07:31 27.09.2023 (жаңартылды: 07:33 27.09.2023) Қазақстанға келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан, 19,6% Қытайдан келген
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 026 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,2 мың этникалық қазақ оралды.
"Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан, 19,6% Қытайдан, 10,9% Моңғолиядан, 7,8% Ресейден, 5,9% Түрікменстаннан және 2,2% басқа елдерден келген", - дейді министрлік.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастар саны 61,4%, ал зейнет жасындағылар саны 8,5%-ды құрайды.
Ал білімі жоғарылар 15,6% болса, 34,4%-ы орта кәсіби білімді, 41,2%-ы жалпы орта білімді.
"Қоныс аударған этникалық қазақтар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды. Оларға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде төленді", - дейді ведомство.
493 қандас тұрақты жұмысқа орналастырылды, 918 адам біржолғы субсидия алды, ал 383 қандасқа тұрғын үй шығыны субсидияланды.