Шольц пен Бербок неге ыңғайсыз жағдайға қалды

© Sputnik / Pavel Bednyakov / Медиабанкке өтуФедеральный канцлер Германии Олаф Шольц
Федеральный канцлер Германии Олаф Шольц - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жазылу
Елдегі сайлауалды турне кезінде Украинаға көмек көрсетуден туындаған проблемаларға байланысты немістер Германия канцлері Олаф Шольц пен Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербокты наразылықпен қарсы алды, деп жазды РИА Новости.
Саясаткерлер әртүрлі партиялардың, Шольц социал-демократтарды, Бербок "жасылдардың" өкілі екеніне қарамастан, немістер оларды бірдей наразылықпен қарсы алды.
"Намысқа тиетін сөздер айту, айқай-шу және ысқыру арқылы сөйлеуіне кедергі жасау федералды канцлер Шольцты Нюрнберг орталығында жылы шыраймен қарсы алмағанын білдіреді", - деп жазылған Spiegel сюжетінде.
Ашулы азаматтар Шольцты Украинадағы қақтығысқа, инфляцияға және миграциялық дағдарысқа кінәлады. Жиналғандардың бірі Германия үкіметінің отставкаға кетуге, оның мүшелерінің сотқа тартуға шақырды.
"Жағдай түбегейлі өзгерді. Анналена Бербоктың Аугсбургтегі сайлауалды сөзі. Қазір "жасылдар" халық үшін үрей тудыратын факторға айналған. Тіпті сыртқы істер министрінің өзін халыққа жақын етіп көрсетуге тырысуы да мұны өзгерте алмайды", - деді жүргізуші.
Жергілікті тұрғындар Бербокқа "бұл жерден кет" деп айқайлап, "жасылдарды" Украинаға әскери көмек жеткізіп жатыр деп айыптады.
Журналистер саясаткерлер барынша ұстамды кейіп сақтап, турнені одан әрі жалғастыруға мәжбүр деген қорытындыға келді.
Бұған дейін Insa институты жүргізген сауалнама билеуші ​​коалицияны қолдайтын немістердің саны 2021 жылғы сайлаудан бері кезекті минимумға жеткенін көрсетті.
Жалпы Мәскеу Батыстың әскери көмегі Украинаға жақсылық әкелмейтінін және қақтығысты тек ұзартатынын, ал қару-жарақ тиелген көлік Ресей армиясы үшін заңды нысанаға айналғанын бірнеше рет мәлімдеді.
Жаңалықтар
0