https://sputnik.kz/20230927/qyzylordada-un-bagasy-birden-352-ke-qymbattady-38808137.html
Қызылордада ұн бағасы бірден 35,2%-ке қымбаттады
Қызылордада ұн бағасы бірден 35,2%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Жергілікті билік әзірге бұл әлеуметтік нан бағасына әсер етпейді деп отыр 27.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-27T10:47+0500
2023-09-27T10:47+0500
2023-09-27T10:47+0500
ұн
астық
https://sputnik.kz/img/07e5/04/03/16693545_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_b5378f928e0f6b5a996fbb29764a91d6.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қызылордада бөлшек саудадағы ұн бағасы айтарлықтай өсті. Облысқа астық басқа аймақтардан әкелінеді."Жеткізілген астық біздің облыста өндірілмейді және бұл бидайдың жекелеген сорттарын өсіруге қолайлы емес табиғи-климаттық жағдайға байланысты", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар. – Қызылорда облысына ұн Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан әкелінеді. Өкінішке қарай, қыркүйектің екінші онкүндігінде өңірдегі көтерме саудагерлер бір қабы 8,5 мың теңгеден немесе бір келісі 170 теңгеден сатылып келген I сұрыпты ұнды сәйкесінше 11,5 мың немесе 230 теңгеден сата бастады. Ұн бағасы 35,2 процентке қымбаттады".Ал Қызылордаға ұн жөнелтетін басқа облыстардағы кәсіпорындар алдағы уақытта ең көп тұтынылатын I сұрыпты ұнды келісін 230 теңгеден жеткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат бар."Бірінші сұрыпты бидай ұны мен әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін облыс Қостанай облысының "Қазақ ұны" ЖШС-мен 4 760 тонна ұнға келісім-шарт жасасқан. Келісімшарт бойынша ұн бағасы бір келісі үшін 128 теңгені құрайды", - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар.Бүгінгі таңда оның 1 379 тоннасы аймаққа әкелініп, наубайханаларға таратылды. Тұрақтандыру қорына тағы 3 381 тонна ұн жеткізіледі де, бұл облыста біршама уақыт әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20230822/qurgaqshylyq-zhane-su-tapshylygy-nan-qymbattauy-mumkin-be-37855846.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/03/16693545_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_a9ca6cc1cea42500eddd1bf9dffe19c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұн, астық
Қызылордада ұн бағасы бірден 35,2%-ке қымбаттады
Жергілікті билік әзірге бұл әлеуметтік нан бағасына әсер етпейді деп отыр
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қызылордада бөлшек саудадағы ұн бағасы айтарлықтай өсті. Облысқа астық басқа аймақтардан әкелінеді.
"Жеткізілген астық біздің облыста өндірілмейді және бұл бидайдың жекелеген сорттарын өсіруге қолайлы емес табиғи-климаттық жағдайға байланысты", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар. – Қызылорда облысына ұн Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан әкелінеді. Өкінішке қарай, қыркүйектің екінші онкүндігінде өңірдегі көтерме саудагерлер бір қабы 8,5 мың теңгеден немесе бір келісі 170 теңгеден сатылып келген I сұрыпты ұнды сәйкесінше 11,5 мың немесе 230 теңгеден сата бастады. Ұн бағасы 35,2 процентке қымбаттады".
Ал Қызылордаға ұн жөнелтетін басқа облыстардағы кәсіпорындар алдағы уақытта ең көп тұтынылатын I сұрыпты ұнды келісін 230 теңгеден жеткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат бар.
"Бірінші сұрыпты бидай ұны мен әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін облыс Қостанай облысының "Қазақ ұны" ЖШС-мен 4 760 тонна ұнға келісім-шарт жасасқан. Келісімшарт бойынша ұн бағасы бір келісі үшін 128 теңгені құрайды", - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар.
Бүгінгі таңда оның 1 379 тоннасы аймаққа әкелініп, наубайханаларға таратылды. Тұрақтандыру қорына тағы 3 381 тонна ұн жеткізіледі де, бұл облыста біршама уақыт әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.