Қазақстанға шетелден 400 млрд теңгенің активтері қайтарылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жазылу
Бас прокурордың орынбасары ақша, мүлік және тағы басқа активтер қай мемлекеттерден қайтарылғанын нақты айтпады
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанға шетелден қайтарылған активтердің сомасы 400 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы шетелден қайтарылған активтердің сомасы 400 млрд теңгеден асады. Олар ақша, мүлік және тағы басқа. Әзірге қай мемлекеттерден қайтарылғанын нақты айта алмаймын", - деді Шыңдалиев мәжіліс кулуарында.
Жақында Қазақстан үкіметі "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС-ын құрды.
Компанияның жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысады. ЖШС-ны қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті басқарады.
Биыл Қазақстанда "Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң қабылданды. Оған сәйкес, заңсыз байыды деген күдікке ілінген жеке және заңды тұлғалардың реестрі жасалады. Тізім жабық болады. Заң аясында активтерді басқару компаниясы құрылады. Ол қайтарылған активтерді сатудан түскен қаражатты арнайы мемлекеттік қорға аударады.монеты
Жаңалықтар
0