Қазақстанда ақылы жолдардың бағасы өседі
© Sputnik/Ертай СарбасовБольшая Алматинская кольцевая автодорога (БАКАД)
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
3 қазаннан бастап ақылы жолдарда жаңа тариф енгізіледі
АСТАНА, 27 қыркүйек - Sputnik. 3 қазанда Қазақстанда ақылы жолдарды пайдаланудың жаңа тарифтері күшіне енеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығында айтылған, Sputnik Қазақстан.
Енді тариф айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болады, соған сай жыл сайын қымбаттап отырады. 2023 жылы АЕК 3 450 теңге болса, 2024 жылы 3 692 теңгеге жетеді. Демек ақылы жолда жүру құны 20 %-ке өседі.
3 қазаннан бастап ақылы жолдарда жаңа тариф мынадай болады:
Астана — Щучинск: жеңіл автомобиль — 2023 жылы 0.0696 АЕК немесе 240 теңге (қазір жол жүру құны 200 теңге), автобус және жүк көлігі — жолаушы орны мен жүк көтергіштігіне байланысты 0.3478–1.8087 АЕК немесе 1199.91–6240.015 теңге;
Астана — Теміртау: жеңіл автомобиль — 0.0696 АЕК (240 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.2435–1.1652 АЕК (840.075–4019.94 теңге);
Алматы — Қорғас: жеңіл автомобиль — 0.1043 АЕК (359.835 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.5217–2.5565 АЕК (1799.865–8819.925 теңге);
Алматы — Қонаев: жеңіл автомобиль — 0.0348 АЕК (120 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.0696–0.3478 АЕК (240–1199.91 теңге);
Тараз — Қайнар: жеңіл автомобиль — 0.0835 АЕК (288.075 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.4104–2.0661 АЕК (1415.88–7128.045 теңге);
Шымкент — Қызылорда: жеңіл автомобиль — 0.153 АЕК (527.85 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.7617–3.8435 АЕК (2627.865–13 260.075 теңге);
Щучинск — Көкшетау: жеңіл автомобиль — 0.0209 АЕК (72.105 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.1043–0.5217 АЕК (359.835–1799.865 теңге);
Астана — Павлодар: жеңіл автомобиль — 0.1322 АЕК (456.09 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.6470–3.2487 АЕК (2232.15–11 208.015 теңге);
Шымкент — Тараз: жеңіл автомобиль — 0.0313 АЕК (107.985 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.1496–0.7617 АЕК (516.12–2627.865 теңге);
Қонаев — Талдықорған: жеңіл автомобиль — 0.0661 АЕК (228.045 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.3270–1.6209 АЕК (1 128.15–5 592.105 теңге);
Шымкент — Өзбекстан (Ташкентке): жеңіл автомобиль — 0.0313 АЕК (107.985 теңге), автобус және жүк көлігі — 0.1461–0.7304 АЕК (504.045–2519.88 теңге).
Құжатта ақылы жолдарға іргелес елді мекен тұрғындары абонемент ала алатыны жазылған, бағасы автобус пен жүк көлігі үшін айына 2–10 АЕК (6900–34500 теңге) болады. Ал жылдық абономент жеңіл автомобиль үшін 1 АЕК (3450), автобус пен жүк көлігі үшін 20–100 АЕК (60 000–345 000 теңге) болады.
2013 жылы елімізде алғаш рет Астана — Щучинск тас жолы ақылы болды. 2019 жылғы қаңтардан бастап Астана — Теміртау, Алматы — Қорғас және Алматы — Қонаев трассасы ақылы болды. 2021 жылғы 23 қарашадан бері жолаушылар Астана — Павлодар, Тараз — Қайнар, Шымкент — Қызылорда, Шымкент — Тараз, Шымкент — Өзбекстан шекарасы, Қонаев — Талдықорған және Щучинск — Көкшетау тас жолымен жүргені үшін ақы төлейді.