Башқұртстан мен Қазақстан әріптестікті нығайтады – видео

Жазылу
Башқұртстан премьер-министрі Андрей Назаров Астанада алғаш рет өтіп жатқан "Иннопром" өнеркәсіптік көрмесінде республика делегациясын басқарды
"Иннопром" халықаралық өнеркәсіп көрмесі алғаш рет Ресейден тыс жерде – Астанада өтіп жатыр. Іс-шараға 20-ға жуық ел, 300-ден астам компания өкілдері қатысып жатыр.
Башқұртстан премьер-министрі Андрей Назаров Sputnik Қазақстанға берген эксклюзивті сұхбатында Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айтты.
"Қазақстан делегациясы жыл сайын Ресейде өтетін осындай іс-шараға қатысады. Бұл өңірлер арасындағы қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізеді. Қазақстанға жақын орналасқан және көрші саналатын Башқұртстан үшін ынтымақтастық ерекше маңызға ие. Өңірлер арасында тауар айналымы өсіп жатыр және биылдың өзінде ол 5%-ке артты", - деді Башқұртстан премьер-министрі.
Ол одан әрі өсу әлеуеті 10%-ті құрайтынын айтты.
Премьер-министр сондай-ақ Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тек тауар айналымын ғана емес, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды да қамтитынын мәлімдеді.
"Қазақстандық кәсіпкерлер өңір экономикасының түрлі салаларына, соның ішінде ағаш өңдеу және басқа да салаларға қызығушылық танытып жатыр. Мұндай инвестициялар екі тарап үшін де тиімді. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салық түсімдерінің артуына және біліктілік алмасуына ықпал етеді", - деді Назаров.
Назаров Башқұртстан мен Қазақстан кәсіпкерлерінің Ресей – Қазақстан іскерлік кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың артып келе жатқанының дәлелі екенін айтты.
Сонымен қатар премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық келешегіне ерекше назар аударылады.
"Мұнай-газ саласында Қазақстан мен Башқұртстанның құзыреттері ұқсас. Біздің кәсіпорындардың бұл жерде жаңа серіктестермен жұмыс істей бастағанын, өз өнімдері сатылымы мен репортерлерін арттырып, осы жерден құрал-жабдықтарды сатып алып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан мұнай-газ бағытының келешегі зор және қазірдің өзінде мұны растайтын нәтижелер бар", - деді Башқұртстан үкіметінің басшысы.
Sputnik Қазақстан тілшісі Назаровтан "Башқұртстанның көпжылдығы. Туризм" жобасын кеңейту жоспары қай кезеңде екенін де нақтылап сұрады.
"Бағдарлама біздің азаматтарға Башқұртстанды аралап саяхаттауға мүмкіндік береді. Осы жылдар ішінде 55 жастан асқан 30 мыңнан астам башқұртстандық туған өлкелеріне барып қайтты. Менің соңғы сапарымда Әлихан Смайыловпен кездескенімде тиісті құжаттарға қол қойылды. Енді башқұртстандықтар мен қазақстандықтардың Қазақстан мен Башқұртстанға саяхаттап, осы бірегей жерлерді аралап көруге мүмкіндігі бар", — деді Назаров.
Жалпы бүгінде Башқұртстан – Беларусь көпжылдығы бағдарламасы жүзеге асырылды. Соның арқасында зейнеткерлер екі ел арасында саяхаттай алады.
Сондай-ақ Андрей Назаров Башқұртстаннан Қазақстанға қосымша рейстер ашылуы мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, бұл өңірлер арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттырып, оларды іскерлік және туристік сапарлар үшін қолжетімді етеді.
Жаңалықтар
0