https://sputnik.kz/20230926/smayylov-telemeditsinany-auyldarga-zhetkizudi-tapsyrdy-38789944.html
Смайылов телемедицинаны ауылдарға жеткізуді тапсырды
Смайылов телемедицинаны ауылдарға жеткізуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 84%-ті құрайды 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T11:46+0500
2023-09-26T11:46+0500
2023-09-26T11:46+0500
медицина
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573768_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f178f4d99f19ba512935b561856393c3.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Премьердің айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілеріне ерекше көңіл бөлу қажет.Сондай-ақ ол аса қажет мамандармен қамтамасыз ету үшін медициналық университеттер мен колледж түлектерімен бірге тәжірибелі мамандарды да өңірлерге, әсіресе ауылдарға тарту мәселесін пысықтауды тапсырды."Көріп отырғанымыздай, жұмыстар әлі де жеткіліксіз, ынталандырудың жаңа әдістерін әзірлеу керек", - деп мәлімдеді үкімет басшысы.Смайыловтың ақпаратынша, денсаулық сақтау объектілерін медициналық жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 84%-ті құрайды. Олардың жартысынан көбі тозған.Уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін әкімдіктер алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін қолданыстағы нормативтерге сәйкес жабдықтауы қажет, деп түйіндеді сөзін премьер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38573768_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_87a24bc8989583424cb7de8c2380a801.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина
Смайылов телемедицинаны ауылдарға жеткізуді тапсырды
Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 84%-ті құрайды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьердің айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілеріне ерекше көңіл бөлу қажет.
"Өңір әкімдіктері цифрландыру министрлігімен бірлесіп, аудандық деңгейден төмен денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу процесін тездетуге тиіс. Қажетті консультацияны жедел алу үшін телемедицина мен қашықтан қызмет көрсетуді ауылдарға дейін жеткізу қажет", - деп тапсырма берді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол аса қажет мамандармен қамтамасыз ету үшін медициналық университеттер мен колледж түлектерімен бірге тәжірибелі мамандарды да өңірлерге, әсіресе ауылдарға тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.
"Көріп отырғанымыздай, жұмыстар әлі де жеткіліксіз, ынталандырудың жаңа әдістерін әзірлеу керек", - деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Смайыловтың ақпаратынша, денсаулық сақтау объектілерін медициналық жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 84%-ті құрайды. Олардың жартысынан көбі тозған.
Уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін әкімдіктер алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін қолданыстағы нормативтерге сәйкес жабдықтауы қажет, деп түйіндеді сөзін премьер.