Қазақстанға ЕАЭО елдерінен автомобиль және теміржол арқылы бидай әкелуге тыйым салынды

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуРабочий насыпает пшеницу в грузовик, архивное фото
Рабочий насыпает пшеницу в грузовик, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Бұл тыйым лицензиясы бар элеваторларды, астықты қайта өңдеушілерді және құс өсірушілерді қоспағанда, алты ай бойы күшінде болады
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанға автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды "АПК Новости" ақпарат агенттігі.
Тыйым алты ай мерзімге енгізіледі және бұл тыйым бидайға қатысты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 100119; 100199).
Лицензиясы бар элеваторларға, астықты қайта өңдеуші кәсіпорындарға, құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидайды темір жол көлігімен әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көлігімен астық әкелуге тыйым салынады, деп хабарлады агенттік.
Ауыл шаруашылығы министрлігі лицензиясы бар элеваторлар, астықты қайта өңдеушілер, құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімін жасап, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына жолдауы керек.
Бұйрық 2023 жылдың 11 қазанында күшіне енеді.
Жаңалықтар
0