Қазақстанда сенат жанынан инклюзия жөніндегі кеңес құрылады

© Sputnik / Кирилл КаллиниковСпециально оборудованное такси для инвалидов-колясочников
Специально оборудованное такси для инвалидов-колясочников - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Бұған дейін Қазақстан "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға" факультативтік хаттама ратификациялады. Елде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылып жатыр
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңес құрылады, деп хабарлады палата спикері Мәулен Әшімбаев.
"Сенат жанынан Инклюзия жөніндегі кеңес құру Қазақстанда толыққанды инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал етуді көздейді. Кеңес аясында сапалы және тиімді заңнамалық ұсыныстар әзірленеді деп сенеміз", - деді Әшімбаев "Мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары" тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында.
Палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Әлеуметтік кодекс қабылданғанын еске салды. "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға" факультативтік хаттама ратификацияланды. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылып жатыр.
"Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғаудың, оларды қоғамға бейімдеудің, жұмысқа орналастырудың және өз әлеуетін іске асырудың тиімді жүйесін құру керек. Осындай нақты істер мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарта түсетіні сөзсіз", – деді Әшімбаев.
Сенат төрағасы балалар арасындағы мүгедектік мәселесіне жеке тоқталып, елімізде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға қатысты негізгі міндеттерді атап өтті.
Сондай-ақ Әшімбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ортаға толық бейімделуіне, еңбекке жарамдыларды жұмыспен қамтуға, ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасау маңызды бағыттардың қатарында екенін тілге тиек етті.

Какие новшества ждут казахстанцев после принятия Социального кодекса? - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Видео
Жаңа әлеуметтік кодекс: қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр - тікелей эфир
Жаңалықтар
0