https://sputnik.kz/20230926/qazaqstan-men-belarus-premer-ministrleri-birlesken-zhobalardy-talqylady-38783866.html
Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері бірлескен жобаларды талқылады
Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері бірлескен жобаларды талқылады
Sputnik Қазақстан
Кездесу "ИННОПРОМ. Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T08:57+0500
2023-09-26T08:57+0500
2023-09-26T08:57+0500
беларусь
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1a/38781217_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7c492bf92ab418a6ab119cac3be85baa.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Әлихан Смайылов Беларусь Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтті. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, $1 млрд шегінен асты.Премьер-министрдің айтуынша, өсімнің жоғары серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация. Мәселен қазірдің өзінде құны $180 млн-ға жуық 8 жоба жүзеге асырылып, соның негізінде 1400 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асыру сатысында құны $19 млн-ды құрайтын 2 жоба бар. Бұл ретте Қазақстан мен Беларусь ведомстволары 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны $100 млн-нан асатын тағы 4 жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.Ал Беларусь премьер-министрі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті."Бүгінде бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз", — деді Роман Головченко.Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешен, өрт сөндіру-құтқару техникасын өндіру және құрылыс саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын атап көрсетті.
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1a/38781217_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_428cba5a59e02ba1f784990e85dba8d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
беларусь, әлихан смайылов
беларусь, әлихан смайылов
Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері бірлескен жобаларды талқылады
Кездесу "ИННОПРОМ. Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов Беларусь Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтті. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, $1 млрд шегінен асты.
Премьер-министрдің айтуынша, өсімнің жоғары серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.
Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация. Мәселен қазірдің өзінде құны $180 млн-ға жуық 8 жоба жүзеге асырылып, соның негізінде 1400 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асыру сатысында құны $19 млн-ды құрайтын 2 жоба бар. Бұл ретте Қазақстан мен Беларусь ведомстволары 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны $100 млн-нан асатын тағы 4 жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі", — деді Әлихан Смайылов.
Ал Беларусь премьер-министрі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.
"Бүгінде бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз", — деді Роман Головченко.
Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешен, өрт сөндіру-құтқару техникасын өндіру және құрылыс саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын атап көрсетті.