https://sputnik.kz/20230926/qaragandyda-balalar-zhappay-ulandy-tergeu-sebebin-ali-anyqtamady-38788979.html
Қарағандыда балалар жаппай уланды: тергеу себебін әлі анықтамады
Қарағандыда балалар жаппай уланды: тергеу себебін әлі анықтамады
Sputnik Қазақстан
Уытты заттан уланды деп диагноз қойылған балалар жазылды 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T11:05+0500
2023-09-26T11:05+0500
2023-09-26T11:05+0500
улану
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817127_0:157:3082:1891_1920x0_80_0_0_6f6ef8e869d5da3216d87788e745f1a1.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың неден уланғаны әлі анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, қазір бес бала әлі емделіп жатыр. Уытты заттан уланды деп диагноз қойылған балалар жазылды. Қазір олар оңалту бөлімінде жатыр. Олар 21 күн бойы оңалтудан өтеді.Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басында Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше баланың уланып, ауруханаға түскені хабарланды. Барлығы 14 бала зардап шеккен, екеуі қайтыс болды.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817127_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_2112c10c31cee3b1aaae1e5edcfe5c7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
улану, қарағанды облысы
Қарағандыда балалар жаппай уланды: тергеу себебін әлі анықтамады
Уытты заттан уланды деп диагноз қойылған балалар жазылды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың неден уланғаны әлі анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір бес бала әлі емделіп жатыр. Уытты заттан уланды деп диагноз қойылған балалар жазылды. Қазір олар оңалту бөлімінде жатыр. Олар 21 күн бойы оңалтудан өтеді.
"Тергеу органдары уланудың себебін анықтап жатыр. Оның ішінде прокуратура әлі де тексеріс жүргізуде. Тексеріс әлі аяқталмады. Медицина қызметкерлері жұмысына қайта кірісті. Бұған дейін олар тергеуге шақырылған, сондықтан жұмыстан шеттетілді. Алайда қазір медицина қызметкерлері жұмыс істеп жүр. Барлық бала бақылауда", - деді Ғиният үкіметте өткен брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басында Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше баланың уланып, ауруханаға түскені хабарланды. Барлығы 14 бала зардап шеккен, екеуі қайтыс болды.