Министр қарттар күніне берілетін ақшалай көмектің көлемін жариялады

© Photo : Julita Пожилые люди
Пожилые люди - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер тұрады
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қарттар күніне және Республика күніне біржолғы материалдық көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, бүгінде жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ кәсіпкерлердің ақшасына егде жастағы адамдарға сан алуан көмек жасалады. Биыл екі мереке кезінде біржолғы ақшалай көмек те беріледі.
"Қарттар мерекесіне орай Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан мен Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне - 25 қазанда Ақмола мен Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам аға буын өкіліне 2-10 АЕК (6 900 – 34 500 теңге) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі", - деді Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер тұрады.
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Қазақстанда барлық зейнеткер жинаған ақшасын баспанаға жұмсай алады – заң талаптары
Жаңалықтар
0