https://sputnik.kz/20230926/innoprom-qazaqstan-kormesi-26-qyrkuyektin-bagdarlamasy-38783528.html
"Иннопром. Қазақстан" көрмесі: 26 қыркүйектің бағдарламасы
"Иннопром. Қазақстан" көрмесі: 26 қыркүйектің бағдарламасы
Sputnik Қазақстан
Дөңгелек үстелдер мен мамандандырылған сессиялар қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілерін қамтиды 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T08:32+0500
2023-09-26T08:32+0500
2023-09-26T08:32+0500
көрме
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38756346_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_84e749db1ebfbee725d7cc1f064c55c5.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Бүгін "Иннопром. Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.10.00 - "Қазіргі замандағы жолаушылар тасымалы: қолжетімді орта, жаңа тұжырымдамалар, нарық талаптарына бейімделу" тақырыбында дөңгелек үстелөтеді. Пікірталасқа Қазақстан мен Ресейдің көлік бірлестіктерінің өкілдері қатысады. Сондай-ақ екі елдің автобус өндірушілер, инженер-конструкторлар мен лизинг компанияларының мамандары келеді.10.30 - "Металлургия саласындағы инновациялар мен оларды нақты өндіріске енгізу" атты мамандырылған сессия өтеді. Бұл іс-шарада жаңа экологиялық технологиялар мен көміртек қалдықтарын барынша азайту мәселелері талқыланады.12.00 - "Энергетикаға арналған тиімді, таза және қауіпсіз технологиялар" сессиясы. Қазақстан мен Ресейдің сарапшылары өз ойларын ортаға салады.12.30 - "Халықаралық ынтымақтастық дамытуға арналған жобалар мен бастамалар" атты дөңгелек үстел өтеді. Онда саяси тұрақсыздық жағдайында инвесторларды таңдау және ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселелері талқыға салынады.14.30 - Өнеркәсіпті цифрландандыру мәселелеріне арналған сессия. Оған да екі елдің мемлекеттік органдары мен технологиялық компаниялары қатысады.16.30 - "Әйелдер – бизнес көшбасшылары" мамандырылған сессиясы. Қазақстан мен Ресейде жоғары лауазымды атқарып жүрген әйелдер кәсіби жағынан даму мен мақсаттарға жету стратегияларын бөліседі.17.00 - "Байқоңыр. Инвестицияларды тарту" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға цифрлық даму министрлігінің аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерден Ибраев, Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, KazakhInvest басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ибраимов, "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорнына қарасты жобалық кеңсенің директоры Сырым Ынтымақов қатысады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38756346_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_872dc6a8d6d2435d442832f1db11ea93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме
"Иннопром. Қазақстан" көрмесі: 26 қыркүйектің бағдарламасы
Дөңгелек үстелдер мен мамандандырылған сессиялар қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілерін қамтиды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Бүгін "Иннопром. Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 10.00 - "Қазіргі замандағы жолаушылар тасымалы: қолжетімді орта, жаңа тұжырымдамалар, нарық талаптарына бейімделу" тақырыбында дөңгелек үстелөтеді. Пікірталасқа Қазақстан мен Ресейдің көлік бірлестіктерінің өкілдері қатысады. Сондай-ақ екі елдің автобус өндірушілер, инженер-конструкторлар мен лизинг компанияларының мамандары келеді.
10.30 - "Металлургия саласындағы инновациялар мен оларды нақты өндіріске енгізу" атты мамандырылған сессия өтеді. Бұл іс-шарада жаңа экологиялық технологиялар мен көміртек қалдықтарын барынша азайту мәселелері талқыланады.
12.00 - "Энергетикаға арналған тиімді, таза және қауіпсіз технологиялар" сессиясы. Қазақстан мен Ресейдің сарапшылары өз ойларын ортаға салады.
12.30 - "Халықаралық ынтымақтастық дамытуға арналған жобалар мен бастамалар" атты дөңгелек үстел өтеді. Онда саяси тұрақсыздық жағдайында инвесторларды таңдау және ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселелері талқыға салынады.
14.30 - Өнеркәсіпті цифрландандыру мәселелеріне арналған сессия. Оған да екі елдің мемлекеттік органдары мен технологиялық компаниялары қатысады.
16.30 - "Әйелдер – бизнес көшбасшылары" мамандырылған сессиясы. Қазақстан мен Ресейде жоғары лауазымды атқарып жүрген әйелдер кәсіби жағынан даму мен мақсаттарға жету стратегияларын бөліседі.
17.00 - "Байқоңыр. Инвестицияларды тарту" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға цифрлық даму министрлігінің аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерден Ибраев, Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, KazakhInvest басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ибраимов, "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорнына қарасты жобалық кеңсенің директоры Сырым Ынтымақов қатысады.