Азия ойындары-2023: Қазақстандық дзюдошы сенсация жасады

© Photo : olympic.kzНұрлыхан Шерхан
Нұрлыхан Шерхан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Жартылай финалда Нұрлыхан Шерхан 2022 жылғы әлем чемпионымен кездеседі
АЛМАТЫ, 26 қырқүйек – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шерхан Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Олимпиада чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Sports.kz.
100 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Шерхан жапон спортшысы Аарон Вольфты жеңді.
Айта кетері, Аарон Вольф – Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиаданың чемпионы, сондай-ақ 2017 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Жартылай финалда Нұрлыхан 2022 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Музаффарбек Туробоевпен кездеседі.
Жаңалықтар
0