https://sputnik.kz/20230926/55-zhastan-bastap-arnayy-aleumettik-tolemder-qanday-shartpen-beriledi--ministr-zhauap-berdi-38794832.html
55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер қандай шартпен беріледі – министр жауап берді
55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер қандай шартпен беріледі – министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Зейнетақы жарналарының мерзімі 7 жылдан кем болмауы керек 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T15:13+0500
2023-09-26T15:13+0500
2023-09-26T15:13+0500
әлеуметтік төлем
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4edf2ae444e8e038b47705806a657b89.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова арнайы әлеуметтік төлемдерді алудың негізгі шартын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент биылғы жолдауында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және 55 жасқа толған адамдарға арнайы төлемдерді тағайындау тәртібін енгізуді тапсырды. Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін тиісті заңдарға өзгеріс енгізіледі. Ал 25 қазанға дейін қаржыландыру көздері айқындалады. 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке де түзету енгізіледі.Министр осы талапты енгізудің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, еңбек кітапшасында "зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеді" деп жаза салуға болады. Ал нақты дәлел жоқ."Сосын кез келген мөрді қойып береді. Сіз барасыз да мен 55-ке келдім, міне, шахтада істедім, маған ақша төлеңіз деп айта аласыз. Біз ондайға жол бермеу үшін ешқандай қағаз берудің қажеті деп отырмыз. Ақпараттық жүйелерден өзіміз қарап, зейнетақы жарналарын қарап, еңбек өтіліңізді санап береміз. Төлемді де тағайындаймыз. Тағы айтайын, зейнетақы жарналарының мерзімі 7 жылдан кем болмауы керек", - деп атап көрсетті министр.
https://sputnik.kz/20230901/toqaev-55-zhastan-bastap-arnayy-aleumettik-tolem-berudi-tapsyrdy-38101230.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fdd4a6b03e65e78ec66483955930b57d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
әлеуметтік төлем, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер қандай шартпен беріледі – министр жауап берді
Зейнетақы жарналарының мерзімі 7 жылдан кем болмауы керек
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова арнайы әлеуметтік төлемдерді алудың негізгі шартын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент биылғы жолдауында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және 55 жасқа толған адамдарға арнайы төлемдерді тағайындау тәртібін енгізуді тапсырды. Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін тиісті заңдарға өзгеріс енгізіледі. Ал 25 қазанға дейін қаржыландыру көздері айқындалады. 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке де түзету енгізіледі.
"Төлем алатын адам 55 жасқа толуы керек. Бұдан бөлек, жұмыс берушінің тарапынан бірыңғай зейнетақы қорына 7 жыл бойы жарналарын аударып отыруы тиіс. Негізгі екі шарт – осы", - деді Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министр осы талапты енгізудің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, еңбек кітапшасында "зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеді" деп жаза салуға болады. Ал нақты дәлел жоқ.
"Сосын кез келген мөрді қойып береді. Сіз барасыз да мен 55-ке келдім, міне, шахтада істедім, маған ақша төлеңіз деп айта аласыз. Біз ондайға жол бермеу үшін ешқандай қағаз берудің қажеті деп отырмыз. Ақпараттық жүйелерден өзіміз қарап, зейнетақы жарналарын қарап, еңбек өтіліңізді санап береміз. Төлемді де тағайындаймыз. Тағы айтайын, зейнетақы жарналарының мерзімі 7 жылдан кем болмауы керек", - деп атап көрсетті министр.