Қазақстанда ұн өндірісі 3,7%-ке өсті

© Pixabay / Bru-nOМука и зерно
Мука и зерно - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Импорт көлемі жеті айда 1,1%-ке артқан
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
Импорт үлесіне ұнның 1,4%-і тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1%-ке артқан.
Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.
Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.
Еске сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.
Жаңалықтар
0