https://sputnik.kz/20230925/qazaqstan-men-tatarstan-arasyndagy-tauar-aynalymy-597-million-dollardan-asty-38764418.html
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 597 миллион доллардан асты - Тоқаев
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 597 миллион доллардан асты - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өскен 25.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-25T17:33+0500
2023-09-25T17:33+0500
2023-09-25T17:50+0500
тоқ соғу
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38763787_0:62:1280:782_1920x0_80_0_0_cc85de599df88c48f54afd1e94832945.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан раисы Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Мемлекет басшысы Қазақстанмен арадағы экономикалық ықпалдастық ауқымы бойынша Татарстан Ресей өңірлері арасында жетекші орынға ие екенін атап өтті.Тоқаев атап өткендей, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында "Татнефть", "КАМАЗ" компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне назар аударды."Бүгінгі "Иннопром" көрмесіне 100-ден астам адамнан және 38 компаниядан тұратын үлкен делегацияны ала келдік. Біздің міндетіміз – ірі бизнесті таныстырып, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту ғана емес, сонымен қатар шағын және орта кәсіпорындарымыздың сіздің еліңізбен белсенді жұмыс істеуіне септігімізді тигізу", – деді Татарстан раисы.Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы өзара ынтымақтастық үшін оңтайлы алаңға айналғанын атап өтті. Биыл қараша айында Қостанайда өтетін форумның тақырыбы ауыл шаруашылығына арналмақ. Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісіндегі мол тәжірибе мен осы саладағы серіктестік әлеуетінің зор екенін ескере отырып, Татарстан кәсіпкерлері бұл бағытқа қызығушылық танытатынына сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38763787_78:0:1203:844_1920x0_80_0_0_ab380688635fb9ad8217339d55f53791.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқ соғу, қасым-жомарт тоқаев
тоқ соғу, қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 597 миллион доллардан асты - Тоқаев
17:33 25.09.2023 (жаңартылды: 17:50 25.09.2023) Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өскен
АСТАНА, 25 қыркүйек - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан раисы Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстанмен арадағы экономикалық ықпалдастық ауқымы бойынша Татарстан Ресей өңірлері арасында жетекші орынға ие екенін атап өтті.
"Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді және Ресей Федерациясымен көпжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады деп айтуға толықтай негіз бар", – деді Қазақстан президенті.
Тоқаев атап өткендей, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында "Татнефть", "КАМАЗ" компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр
Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне назар аударды.
"Бүгінгі "Иннопром" көрмесіне 100-ден астам адамнан және 38 компаниядан тұратын үлкен делегацияны ала келдік. Біздің міндетіміз – ірі бизнесті таныстырып, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту ғана емес, сонымен қатар шағын және орта кәсіпорындарымыздың сіздің еліңізбен белсенді жұмыс істеуіне септігімізді тигізу", – деді Татарстан раисы.
Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы өзара ынтымақтастық үшін оңтайлы алаңға айналғанын атап өтті. Биыл қараша айында Қостанайда өтетін форумның тақырыбы ауыл шаруашылығына арналмақ. Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісіндегі мол тәжірибе мен осы саладағы серіктестік әлеуетінің зор екенін ескере отырып, Татарстан кәсіпкерлері бұл бағытқа қызығушылық танытатынына сенім білдірді.