Дерекқор

Күзгі каникул - 2023/2024: оқушылар неше күн демалады

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Биыл күзгі каникул кезінде мектеп оқушылары бір апта бойы демалады
Оқу-ағарту министрлігі мектептегі каникулдарға арналған бұйрықтың жобасын жариялаған болатын. Осы құжатта күзгі демалыстың мерзімі көрсетілген.
Күзгі каникулдың уақыты:
- 30 қазаннан бастап 5 қарашаға дейін.
30 қазан дүйсенбіге түсіп тұр. Ал 5 қараша – жексенбі. Осылайша, дүйсенбі, 6 қарашада оқушылар қайтадан сабаққа барады. Оқу жылының екінші тоқсаны басталады.

Қосымша 7 күн беріледі

Жазға дейін тағы қысқы және көктемгі каникулдар бар. Бұйрықтың жобасына сәйкес, қысқы каникул 10 күнге (29 желтоқсан – 7 қаңтар) созылады. Ал көктемгі каникул - 11 күн (21-31 наурыз).
Бұдан бөлек, бірінші сынып оқушыларына қосымша бір апталық демалық беріледі.

Мерзімі – 5-11 ақпан (барлығы 7 күн).
Оқу жылы 25 мамырға дейін жалғасады.
Қазіргі кезде министрдің бұйрығы әділет министрлігіне жіберілді. Оны тіркеуге алғаннан кейін заңды күшіне енеді.

Алдыңғы оқу жылында қалай болды

2022-2023 оқу жылында күзгі демалыс та 7 күн болған. Ал қысқы және көктемгі каникулға 9 күннен ғана берілді. Жазғы демалыстың мерзімі де қысқа болған. Барлығы – 92 күн. Себебі оқу жылы 1 маусымға дейін ұзартылған еді.

Емтихандар қай кезде өтеді

9 - (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар 2024 жылы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді;
11 - (12) сынып оқушылары емтиханды 2024 жылы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында тапсырады.
Календарь каникул - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Инфографика
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
Жаңалықтар
0