"Иннопром. Қазақстан": үкімет басшылары қандай мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневВыставка Иннопром. Казахстан"
Выставка Иннопром. Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
25-27 қыркүйек аралығында Астанада ЭКСПО көрме орталығында алғаш рет INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
Иннопром халықаралық көрмесі аясында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасының министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров "Жаңа заманның өнеркәсіптік стратегиялары" атты бас пленарлық сессияға қатысты. Үкімет басшылары өнеркәсіптік көрмеде қандай мәлімдеме жасағанына толығырақ тоқталсақ.
"Біз бүгін көрмеге қатысушыларды Астанада алғаш рет қабылдап отырмыз. Бұл қазақстандық бизнестің іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді. Жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық сын-қатер жағдайында өзара іс-қимылдың осындай форматы орнықты дамудың маңызды құралы болып отыр. Бүгінгі ауқымды шара өзара тиімді ынтымақтастыққа және алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге ықпал етеді", - деді премьер-министр.
Смайылов Ресей мен Қазақстан арасында жүзеге асқан бірлескен жобаларға да тоқталды. Оның айтуынша, екі ел арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның арқасында Қазақстанда 30 бірлескен жоба жүзеге асты. Сомасы 16 миллиард доллардан асатын тағы 40 ірі жоба жүзеге асу кезеңінде тұр.
Ол көрме жұмысына ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорны мен компаниясы қатысып жатқанын айтты.
"Бұл бизнес-қоғамдастықтың өнеркәсіпті дамыту және жаңа өсім нүктелерін құру бойынша байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдіреді", - деді Смайылов.
Әлихан Смайылов 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 10,4%-ға артып, рекордтық 29,4 миллиард долларды құрағанын хабарлады.
"Бұл үрдіс биыл да жалғасын табатынына сенімдімін. Осы жылдың 6 айында тауар айналымы 4%-ға артып, 14 миллиард долларға жуықтады", - деді қазақстандық премьер.
Өз кезегінде Ресей үкіметінің басшысы Ресей Еуразиялық экономикалық одақтағы барлық серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
"Ресей Еуразиялық экономикалық одақтағы барлық серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейтуге ашық. Бұл ретте қарым-қатынасы достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қағидаттарына негізделген Қазақстанмен өзара іс-қимыл да бар", - деді РФ премьер-министрі.
Мишустин қазан айында ЕАЭО үкімет басшылары одақ аясында қаржылық қолдау көрсету үшін ынтымақтастық жобаларын таңдау критерийлерін бекітуі керек екенін ске салды.
"Өткен жылдың соңында "бестіктің" мемлекет басшылары деңгейінде одақ бюджетінен өнеркәсіптік бастамаларды қаржыландырудың пилоттық тетігін құру туралы шешім қабылданды. Мұндай шара бұрын қолданылмаған. Ол түпкілікті дайын болғаннан кейін және барлық маңызды шарттар бойынша келісілгеннен кейін күшіне енеді. Бірақ ең бастысы, кооперация жобаларына кемінде үш елдің кәсіпорындары қатысуы керек. Ал іріктеу критерийлері қазан айында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында бекітіледі деп жоспарлануда" - деді ол.
Михаил Мишустин жүйелі шаралар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында ресейлік кәсіпорындар санкция жағдайында тез бейімделе алғанын да айтты.
"Ресейлік кәсіпорындар баламалы логистикалық бағыттарды құрып, жаңа ынтымақтастық байланыстарын орнатып, зауыт қуаттарын кеңейтуде. Ресей жалпы құрылымдағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 13,8%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Алдын ала болжам бойынша, құрылымдағы өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ үлесі биыл мұнай өңдеу мен тамақ өнеркәсібін есепке алмағанда артып, 13,8%-ға жетеді", - деді РФ үкіметінің басшысы.
Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко өнеркәсіптік кооперацияны дамыту ЕАЭО-ның технологиялық егемендікке қол жеткізуінің басты шарты болып табылатынын айтты.
"Кәсіпорындар арасындағы кооперацияны дамытқанда ғана ЕАЭО-ның технологиялық егемендігін қамтамасыз ету мәселесін шешуге болады. Бұл одаққа мүше елдер өнеркәсібінің импорттық құрамдас бөліктерге, технологиялар мен жабдықтарға тәуелділігін азайтады. Бұл біздің өндірістік қуаттарымызды жүктемемен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтандыруға, сонымен қатар, ең бастысы, өнеркәсіп секторы шын мәнінде сұранысқа ие жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деді Головченко "Иннопром" халықаралық көрмесінің пленарлық отырысында.
Сонымен қатар 2025 жылы "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі Минскіде өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Мятликов хабарлады.
Жаңалықтар
0