https://sputnik.kz/20230925/astanada-bugin-innopromqazaqstan-khalyqaralyq-onerkasip-kormesi-ashylady-38741369.html
Астанада бүгін "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі ашылады
Астанада бүгін "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі ашылады
Sputnik Қазақстан
ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіптік көрмесі Қазақстанда алғаш рет 25-27 қыркүйек аралығында өтеді 25.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-25T07:55+0500
2023-09-25T07:55+0500
2023-09-25T07:59+0500
көрме
https://sputnik.kz/img/07e6/07/04/25928491_7:0:3648:2048_1920x0_80_0_0_dce2c7c9ea87c8564dddfd9687839224.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. 25-27 қыркүйек аралығында Астанадағы ЭКСПО көрме орталығында алғаш рет INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.12 000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын көрмеде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі өз жобаларын таныстырады.Экспозицияны екі елдің жетекші өнеркәсіптік және инновациялық компаниялары ұсынады. Көрмені ұлттық экспозициялар мен ЕАЭО елдерінің компаниялары толықтырады.24 қыркүйекте БАҚ өкілдері көрмені аралауды бастады, олар бірінші болып Innoprom экспозициясымен танысады.25 қыркүйекте Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлерінің қатысуымен негізгі пленарлық отырыс өтеді. Премьералар сонымен қатар машина жасау, кеме жасау, станок жасау, химия, металлургия, тоқыма және авиация өнеркәсібіне арналған көрменің тақырыптық экспозицияларын тамашалайды.Форумға қатысу үшін РФ министрлер кабинетінің басшысы Михаил Мишустин Қазақстанға келді, ол "Жаңа уақыттың өнеркәсіптік стратегиялары" атты пленарлық сессияда сөз сөйлейді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/04/25928491_553:0:3284:2048_1920x0_80_0_0_31640c12e449a971b1e6b628cf034bae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме
Астанада бүгін "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі ашылады
07:55 25.09.2023 (жаңартылды: 07:59 25.09.2023) ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіптік көрмесі Қазақстанда алғаш рет 25-27 қыркүйек аралығында өтеді
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. 25-27 қыркүйек аралығында Астанадағы ЭКСПО көрме орталығында алғаш рет INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
12 000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын көрмеде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі өз жобаларын таныстырады.
Экспозицияны екі елдің жетекші өнеркәсіптік және инновациялық компаниялары ұсынады. Көрмені ұлттық экспозициялар мен ЕАЭО елдерінің компаниялары толықтырады.
24 қыркүйекте БАҚ өкілдері көрмені аралауды бастады, олар бірінші болып Innoprom экспозициясымен танысады.
25 қыркүйекте Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлерінің қатысуымен негізгі пленарлық отырыс өтеді. Премьералар сонымен қатар машина жасау, кеме жасау, станок жасау, химия, металлургия, тоқыма және авиация өнеркәсібіне арналған көрменің тақырыптық экспозицияларын тамашалайды.
Форумға қатысу үшін РФ министрлер кабинетінің басшысы Михаил Мишустин Қазақстанға келді, ол "Жаңа уақыттың өнеркәсіптік стратегиялары" атты пленарлық сессияда сөз сөйлейді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.