https://sputnik.kz/20230925/astanada-baspaldaq-arasyna-qulagan-oqushy-komaga-tusti-38742933.html
Астанада баспалдақ арасына құлаған оқушы комаға түсті
Астанада баспалдақ арасына құлаған оқушы комаға түсті
Sputnik Қазақстан
Қоғам белсенділері мектеп директоры мен сынып жетекшісін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті 25.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-25T09:31+0500
2023-09-25T09:31+0500
2023-09-25T09:31+0500
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32027884_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_a7d33c5da8e6a3bff0dbafc60440ccc9.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы №14 мектепте бала баспалдақ арасына құлап, ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды "НеМолчиKZ" қоры.Қайғылы оқиға үзіліс кезінде болған. Оқушы бала ашық бассүйек-ми жарақаты, торлы сүйек кеңсірік және маңдай сүйектерінің сынуы, көз ұясының ісінуі және пневмоцефалия диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол үш күн бойы комада жатты."14-мектепте жөні түзу баспалдақ таянышы жоқ. Жедел жәрдем өте ұзақ уақытта келді. Әдеттегідей қабаттар арасына орнатылған камералар жұмыс істемей тұрған. Қазір балаға Қазақстанда емес, тек Түркияда жасалатын ота шұғыл қажет. Ол басынан жарақат алғандықтан, күн сайын көру қабілетінен айырылып жатыр", - деп жазылған қор таратқан хабарламада.Қордағылар мектеп директоры мен сынып жетекшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек деп есептейді. Сондай-ақ бала көру қабілетін жоғалтып жатқандықтан, әр сағат санаулы және операцияға қаражат жинауға көмектесу қажет деп есептейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32027884_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_5ffcd533f3b54752544ec4dd01997cd8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы
Астанада баспалдақ арасына құлаған оқушы комаға түсті
Қоғам белсенділері мектеп директоры мен сынып жетекшісін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы №14 мектепте бала баспалдақ арасына құлап, ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды "НеМолчиKZ" қоры.
Қайғылы оқиға үзіліс кезінде болған. Оқушы бала ашық бассүйек-ми жарақаты, торлы сүйек кеңсірік және маңдай сүйектерінің сынуы, көз ұясының ісінуі және пневмоцефалия диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол үш күн бойы комада жатты.
"14-мектепте жөні түзу баспалдақ таянышы жоқ. Жедел жәрдем өте ұзақ уақытта келді. Әдеттегідей қабаттар арасына орнатылған камералар жұмыс істемей тұрған. Қазір балаға Қазақстанда емес, тек Түркияда жасалатын ота шұғыл қажет. Ол басынан жарақат алғандықтан, күн сайын көру қабілетінен айырылып жатыр", - деп жазылған қор таратқан хабарламада.
Қордағылар мектеп директоры мен сынып жетекшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек деп есептейді. Сондай-ақ бала көру қабілетін жоғалтып жатқандықтан, әр сағат санаулы және операцияға қаражат жинауға көмектесу қажет деп есептейді.