Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Запорожье облысында қорғаныс шебі бұзылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчетов артиллерийских установок "Акация" на Запорожском направлении
Работа расчетов артиллерийских установок Акация на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Ресей әскері Запорожье майдан желісінде барлық позицияларын ұстап тұр, деп хабарлады РИА Новостиге "Біз Ресеймен біргеміз" жергілікті қоғамдық қозғалысының жетекшісі Владимир Рогов. Ол осылайша украин билігінің қорғаныстағы "серпіліс" туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.
"Ешқандай серпіліс туралы әңгіме жоқ. Мұның бәрі жалған. Біздің жігіттер өздерінің барлық позициясын ұстап отыр", - деді ол.
Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің "Таврия" оңтүстік жедел-стратегиялық әскер тобының қолбасшысы Александр Тарнавский CNN телеарнасына берген сұхбатында украин әскерилері Ресей қорғанысын сол қапталда, Запорожье облысының Вербовое ауылы маңында бұзып өткенін және ілгері қарай жылжып жатқанын айтты.
Роговтың айтуынша, Орехово бағытында, Орехово-Вербовое желісінде қарсы тараптың барлық шабуылы жеңіліспен және олар үшін үлкен шығынмен аяқталып жатыр.
"Вербовое ауданында украиналық жауынгерлер шабуыл жасап, алға ұмтылды. Бірақ олардың бұл әрекет бірден тежелді. Біздің жігіттер қорғанысты сенімді түрде ұстап отыр", - деді ол.
Жаңалықтар
0