https://sputnik.kz/20230924/qazaqstan-men-ozbekstan-tranzittik-tasymaldardy-zhenildetu-maselesin-talqylady-38731286.html
Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік тасымалды жеңілдету мәселесін талқылады
Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік тасымалды жеңілдету мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
Тараптар Өзбекстан аумағы бойынша қазақстандық тауарлардың транзиті және Ташкентте "QazTrade" АҚ өкілдігін ашу мәселесін сөз етті 24.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-24T11:02+0500
2023-09-24T11:02+0500
2023-09-24T11:07+0500
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e7/09/17/38727770_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_b03ac1be7dff242bbf714fa2b77c9ece.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Ташкентке жасаған жұмыс сапары барысында өзбек әріптестерімен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Ол Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаевпен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратовпен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы түрлі деңгейдегі өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын атап өтті.Өткен жылдың соңында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 28,4 пайызға өсіп, 4,9 миллиард долларға жетті, биылғы жылдың 7 айында тауар айналымы 2,5 миллиард долларды құрады.Кездесу барысында екі елдің өкілдері өзара сауда көлемін ұлғайту құралдарын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, инвестициялық ынтымақтастық, көлік саласындағы өзара іс-қимыл және басқа да мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, тараптар Өзбекстан аумағы бойынша қазақстандық тауарлардың транзиті және Ташкент қаласында "QazTrade" АҚ өкілдігін ашу мәселелерін талқылады.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/17/38727770_71:0:1031:720_1920x0_80_0_0_1bbc7728a028ad9dda16ed4064a0b302.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан
Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік тасымалды жеңілдету мәселесін талқылады
11:02 24.09.2023 (жаңартылды: 11:07 24.09.2023) Тараптар Өзбекстан аумағы бойынша қазақстандық тауарлардың транзиті және Ташкентте "QazTrade" АҚ өкілдігін ашу мәселесін сөз етті
АСТАНА, 24 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Ташкентке жасаған жұмыс сапары барысында өзбек әріптестерімен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Ол Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаевпен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратовпен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы түрлі деңгейдегі өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын атап өтті.
"Біз екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимыл мен сындарлы диалогқа дайынбыз. Өзбекстан Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып қала береді. Біз мемлекеттер басшыларының сауда айналымын $10 млрд - қа дейін жеткізу жөніндегі міндетін іске асыруда жоспарлы түрде қозғалып жатырмыз, сондықтан өзара сауданы ұлғайту, оның ішінде үшінші елдерден импортты алмастыру жолымен күш-жігерді біріктіру қажет", - деді Арман Шакқалиев.
Өткен жылдың соңында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 28,4 пайызға өсіп, 4,9 миллиард долларға жетті, биылғы жылдың 7 айында тауар айналымы 2,5 миллиард долларды құрады.
Кездесу барысында екі елдің өкілдері өзара сауда көлемін ұлғайту құралдарын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, инвестициялық ынтымақтастық, көлік саласындағы өзара іс-қимыл және басқа да мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, тараптар Өзбекстан аумағы бойынша қазақстандық тауарлардың транзиті және Ташкент қаласында "QazTrade" АҚ өкілдігін ашу мәселелерін талқылады.