https://sputnik.kz/20230923/qytaymen-vizasyz-rezhim-engizu-zhane-qorgastyn-zhumysyn-zhyldamdatu-maselesi-talqylandy-38724990.html
Қытаймен визасыз режим енгізу және "Қорғастың" жұмысын жылдамдату мәселесі талқыланды
Қытаймен визасыз режим енгізу және "Қорғастың" жұмысын жылдамдату мәселесі талқыланды
Sputnik Қазақстан
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмысының проблемалық мәселелері вице-премьер қатысқан кеңесте қаралды 23.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-23T17:40+0500
2023-09-23T17:40+0500
2023-09-23T17:40+0500
қытай
визасыз режим
https://sputnik.kz/img/07e7/09/17/38723478_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a6656b4456c7522d80229368538b71bb.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. "Қорғас" кеден бекетінен өткізу қабілетінің төмендігі, орталық аумағындағы төбелестер мен қақтығыстар вице-премьер – қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен кеңесте негізгі мәселе ретінде айтылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.Вице-премьер орталық қызметіндегі проблемалық мәселелерге байланысты ҰҚК, ІІМ, экономика министрлігі, монополияға қарсы ведомство, Әділет министрлігі, Көлік министрлігі және Жетісу облысы әкімдігі Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп атап өтті баспасөз қызметі."Кеңесте "Қорғас" кеден бекетінің өткізу қабілетінің төмендеуі, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу мәселелері талқыланды", - делінген хабарламада.Кеңес қорытындысы бойынша Жамаубаев:Вице-премьер Қытай тарапымен Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу жұмысын жеделдетуді талап етті. Сондай-ақ жеке тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік бақылауды жақсарту бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды және шаралар қабылдауды күшейту керектігін айтты.Тапсырмалардың әрқайсысы орындау мерзімі бойынша Жол картасына енгізілді, деп толықтырды ведомство.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/17/38723478_320:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ad21d559b361837c875329829eafc341.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, визасыз режим
Қытаймен визасыз режим енгізу және "Қорғастың" жұмысын жылдамдату мәселесі талқыланды
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмысының проблемалық мәселелері вице-премьер қатысқан кеңесте қаралды
АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. "Қорғас" кеден бекетінен өткізу қабілетінің төмендігі, орталық аумағындағы төбелестер мен қақтығыстар вице-премьер – қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен кеңесте негізгі мәселе ретінде айтылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Вице-премьер орталық қызметіндегі проблемалық мәселелерге байланысты ҰҚК, ІІМ, экономика министрлігі, монополияға қарсы ведомство, Әділет министрлігі, Көлік министрлігі және Жетісу облысы әкімдігі Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп атап өтті баспасөз қызметі.
"Кеңесте "Қорғас" кеден бекетінің өткізу қабілетінің төмендеуі, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу мәселелері талқыланды", - делінген хабарламада.
Кеңес қорытындысы бойынша Жамаубаев:
орталық аумағында қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуді;
заманауи цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, багажды қабылдау және тапсыру технологиясын жаңғыртуды;
"Қорғас" кеден бекетінде штат санын көбейтуді;
Электронды кезек үздіксіз жұмыс істеуі үшін ақпараттық жүйелерді толығымен біріктіруді тапсырды.
Вице-премьер Қытай тарапымен Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу жұмысын жеделдетуді талап етті. Сондай-ақ жеке тұлғалар өткізетін тауарларға кедендік бақылауды жақсарту бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды және шаралар қабылдауды күшейту керектігін айтты.
Тапсырмалардың әрқайсысы орындау мерзімі бойынша Жол картасына енгізілді, деп толықтырды ведомство.