https://sputnik.kz/20230923/qazaqstandyqtar-seyshel-araldaryna-vizasyz-bara-alady-38713469.html
Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады
Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Сейшель аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды 23.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-23T10:30+0500
2023-09-23T10:30+0500
2023-09-23T10:30+0500
визасыз режим
https://sputnik.kz/img/07e7/09/17/38712451_72:0:1208:639_1920x0_80_0_0_f7b80c52d9c8071fc3cd785928eb41c3.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Елдер келісімді ратификациялаған соң қазақстандықтар Сейшель аралдарына 30 күн бойы визасыз бара алады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшель аралдарының сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді.Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының нығайып келе жатқанын атап өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сейшель Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрі үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді.Аталған келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/17/38712451_214:0:1066:639_1920x0_80_0_0_2d6c9db005bbaf47bd2f35fe6196575f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
визасыз режим
Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады
Қазақстан мен Сейшель аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Елдер келісімді ратификациялаған соң қазақстандықтар Сейшель аралдарына 30 күн бойы визасыз бара алады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшель аралдарының сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді.
Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының нығайып келе жатқанын атап өтті.
"Ол екіжақты негізде және көпжақты бірлестіктер шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын салаларда қазақ-сейшел ынтымақтастығын дамытуға бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады", - деп жазылған хабарламада.
Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сейшель Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрі үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді.
Аталған келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен кейін 30 күн өткен соң күшіне енеді.