https://sputnik.kz/20230923/dollar-qymbattap-barady--ekonomister-bolzham-zhasady-38713189.html
Доллар қымбаттап барады – экономистер болжам жасады
Доллар қымбаттап барады – экономистер болжам жасады
Sputnik Қазақстан
Экономистер Ресей валютасының құлдырауы теңгенің әлсіреуіне әсер еткен факторлардың бірі деп отыр 23.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-23T09:48+0500
2023-09-23T09:48+0500
2023-09-23T09:48+0500
доллар бағамы
теңге бағамы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258320_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_ebf42773d1479902442d0fae3518afa4.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Доллар күн өткен сайын қымбаттап барады. Ақша айырбастау орындарында көк қағаз 478 теңгенің төңірегінде саудаланып жатыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.Сарапшылар экспорт көлемінің күрт азаюы мен ұлттық компаниялардың банк алдындағы берешегінің толық өтелмеуі теңгені теңселтіп тұр деп пікір білдірді. Сондықтан жұртты теңгені долларға ауыстыруға асықпауға кеңес береді.Доллардың күн өткен сайын күшейгені отандастарымыз үшін үйреншікті жағдайға айналғандай. Ақша айырбастау орындарында клиент саны көп емес. Адамдар қандай да бір қаржылық операция жасауға асықпайды. Себебі АҚШ ақшасы бірден қымбаттап шыға келген жоқ. Валюта нарығында дүрбелең де байқалмайды. Бірақ қыркүйек басталғалы Америка валютасы біртіндеп 2-3 теңгеге көтеріліп жатыр. Қазақстан қор биржасында бүгінде доллардың орташа бағамы 475 теңгенің төңірегінде болды. Ал айырбастау пунктерінде көк қағаз 478-479 теңгеден сатылуда. Осылайша төл ақшамыз соңғы бір айда бірден 30 теңгеге құнын жоғалтыпты.Экономистер Ресей валютасының құлдырауы теңгенің әлсіреуіне әсер еткен факторлардың бірі деп отыр. Қазір онда бір доллардың құны 100 рубльге жуықтады.Қашан да мұнаймен ұлттық валютамыздың құны қалыптасады дейтін едік. Бірақ Brent маркалы мұнайдың баррелі 93 доллардан асты. Бірақ қара алтын бағасының өсуі шатқаяқтаған теңгенің күшеюіне түрткі бола алмады.Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері ұлттық валюта келесі айда нығаятынына сенімді. Сарапшылар қазіргі төл ақшамыздың ахуалын экспорт көлемінің күрт азаюымен байланыстарады."Экспорт көлемі бізде азайды. Ал импорт үш есе ұлғайды. Оған валютаны қайдан аламыз. Сатып алуға тура келеді. Тиісінше, долларға деген сұраныс өсіп, шетел валютасының бағамы қымбаттайды. Содан кейін ұлттық компаниялардың берешегі бар. Ұлттық банктің дерегінше, екінші жарты жылдықта бұл компаниялар 18 миллиард доллар төлеуі тиіс. Теңгенің әлсіреуі уақытша құбылыс деп айтар едім. Келесі айда доллар арзандайды. Уайымдауға негіз жоқ", - деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшысы Зарина Скрипченко.Мамандар қарапайым халыққа ақша айырбастау орындарына жүгірмей, сәл сабыр сақтауын сұрайды. Себебі долларға деген сұраныстың артуы да ұлттық валютаға кері әсерін тигізеді. Бірақ девальвациядан аузы күйген халық қаржысын теңгемен сақтаудан әбден қорқып қалған. Оған қоса тұтыну тауарларының құны шетел валютасының өсуімен ілесе жүретіні анық. Айлығы шайлығына жетпейтін жұртты қымбатшылық тағы қыспаққа ала ма деген сұрақ та мазалайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258320_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_15f90af33e1a58b4c22f6614e9cde77c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар бағамы, теңге бағамы
доллар бағамы, теңге бағамы
Доллар қымбаттап барады – экономистер болжам жасады
Экономистер Ресей валютасының құлдырауы теңгенің әлсіреуіне әсер еткен факторлардың бірі деп отыр
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Доллар күн өткен сайын қымбаттап барады. Ақша айырбастау орындарында көк қағаз 478 теңгенің төңірегінде саудаланып жатыр, деп хабарлады
КТК телеарнасы.
Сарапшылар экспорт көлемінің күрт азаюы мен ұлттық компаниялардың банк алдындағы берешегінің толық өтелмеуі теңгені теңселтіп тұр деп пікір білдірді. Сондықтан жұртты теңгені долларға ауыстыруға асықпауға кеңес береді.
Доллардың күн өткен сайын күшейгені отандастарымыз үшін үйреншікті жағдайға айналғандай. Ақша айырбастау орындарында клиент саны көп емес. Адамдар қандай да бір қаржылық операция жасауға асықпайды. Себебі АҚШ ақшасы бірден қымбаттап шыға келген жоқ. Валюта нарығында дүрбелең де байқалмайды. Бірақ қыркүйек басталғалы Америка валютасы біртіндеп 2-3 теңгеге көтеріліп жатыр. Қазақстан қор биржасында бүгінде доллардың орташа бағамы 475 теңгенің төңірегінде болды. Ал айырбастау пунктерінде көк қағаз 478-479 теңгеден сатылуда. Осылайша төл ақшамыз соңғы бір айда бірден 30 теңгеге құнын жоғалтыпты.
Экономистер Ресей валютасының құлдырауы теңгенің әлсіреуіне әсер еткен факторлардың бірі деп отыр. Қазір онда бір доллардың құны 100 рубльге жуықтады.
"Рубльдің доллар сияқты резерв валютаға шаққандағы курсының үнемі әлсіреп бара жатқанын байқап отырмыз. Ресей Қазақстанның ең үлкен сауда серіктесі. Қазақстанның сыртқы сауда-саттығының 40 пайызы Ресей Федерациясынан келеді. Ол біздің теңгенің долларға шаққандағы курсына өзінің ықпалын тигізеді", - дейді экономист Талғат Демесінов.
Қашан да мұнаймен ұлттық валютамыздың құны қалыптасады дейтін едік. Бірақ Brent маркалы мұнайдың баррелі 93 доллардан асты. Бірақ қара алтын бағасының өсуі шатқаяқтаған теңгенің күшеюіне түрткі бола алмады.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері ұлттық валюта келесі айда нығаятынына сенімді. Сарапшылар қазіргі төл ақшамыздың ахуалын экспорт көлемінің күрт азаюымен байланыстарады.
"Экспорт көлемі бізде азайды. Ал импорт үш есе ұлғайды. Оған валютаны қайдан аламыз. Сатып алуға тура келеді. Тиісінше, долларға деген сұраныс өсіп, шетел валютасының бағамы қымбаттайды. Содан кейін ұлттық компаниялардың берешегі бар. Ұлттық банктің дерегінше, екінші жарты жылдықта бұл компаниялар 18 миллиард доллар төлеуі тиіс. Теңгенің әлсіреуі уақытша құбылыс деп айтар едім. Келесі айда доллар арзандайды. Уайымдауға негіз жоқ", - деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшысы Зарина Скрипченко.
Мамандар қарапайым халыққа ақша айырбастау орындарына жүгірмей, сәл сабыр сақтауын сұрайды. Себебі долларға деген сұраныстың артуы да ұлттық валютаға кері әсерін тигізеді. Бірақ девальвациядан аузы күйген халық қаржысын теңгемен сақтаудан әбден қорқып қалған. Оған қоса тұтыну тауарларының құны шетел валютасының өсуімен ілесе жүретіні анық. Айлығы шайлығына жетпейтін жұртты қымбатшылық тағы қыспаққа ала ма деген сұрақ та мазалайды.