https://sputnik.kz/20230923/atyrau-aurukhanasynda-ata-analar-balalarymen-birge-liftide-qamalyp-qaldy-38715462.html
Атырау ауруханасында ата-аналар балаларымен бірге лифтіде қамалып қалды
Атырау ауруханасында ата-аналар балаларымен бірге лифтіде қамалып қалды
Sputnik Қазақстан
Ересектер лифт небәрі 600 кг жүк көтеретінін ескермеген 23.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-23T12:17+0500
2023-09-23T12:17+0500
2023-09-23T12:17+0500
атырау
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16737481_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_1a144653f5b7adf8bb0d21e5ad1abc9e.jpg
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Атыраудағы балалар ауруханасында кішкентай науқастар ата-аналарымен бірге лифтіде қамалып қалды, деп хабарлайды AtyrauPress.Әуесқой бейнежазба әлеуметтік желіде тарады."Бұл оқиға сағат 11:10-да облыстық балалар ауруханасының ғимаратында болды. Күндізгі стационардағы науқастар мен олардың ата-аналары лифтімен көтерілмек болғанда лифт тоқтап қалған. Лифт небәрі 600 кг (8 адам) жүк көтеретінін ескермеген", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Мамандардың айтуынша, адамдар қолайсыздықты қолдан жасап алған."Лифт науқастарды ауыр жағдайда тасымалдау үшін қолданылатындықтан есігінде тиісті жадынама бар. Алайда ересектер бұл ескертуді елемеген. Лифтіде барлығы 10-нан астам адам болған. Салдарынан шамадан тыс жүктен көтергіш уақытша істемей қалған. Сағат 11:20-да техникалық ақаулық түзетіліп, лифт қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16737481_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_cb40015e497a93dc342b6cae141c12c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
Атырау ауруханасында ата-аналар балаларымен бірге лифтіде қамалып қалды
Ересектер лифт небәрі 600 кг жүк көтеретінін ескермеген
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Атыраудағы балалар ауруханасында кішкентай науқастар ата-аналарымен бірге лифтіде қамалып қалды, деп хабарлайды
AtyrauPress. Әуесқой бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
"Бұл оқиға сағат 11:10-да облыстық балалар ауруханасының ғимаратында болды. Күндізгі стационардағы науқастар мен олардың ата-аналары лифтімен көтерілмек болғанда лифт тоқтап қалған. Лифт небәрі 600 кг (8 адам) жүк көтеретінін ескермеген", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, адамдар қолайсыздықты қолдан жасап алған.
"Лифт науқастарды ауыр жағдайда тасымалдау үшін қолданылатындықтан есігінде тиісті жадынама бар. Алайда ересектер бұл ескертуді елемеген. Лифтіде барлығы 10-нан астам адам болған. Салдарынан шамадан тыс жүктен көтергіш уақытша істемей қалған. Сағат 11:20-да техникалық ақаулық түзетіліп, лифт қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.