https://sputnik.kz/20230922/qazaqstandyq-eki-suyretkish-keme-parsy-shyganagyna-shyqty--qazmunaygaz-38685630.html
Қазақстандық екі сүйреткіш кеме Парсы шығанағына шықты – ҚазМұнайГаз
Қазақстандық екі сүйреткіш кеме Парсы шығанағына шықты – ҚазМұнайГаз
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық кемелер Біріккен Араб Әмірлігінің оффшорлық жобалары аясында Аль-Галлан және Дас аралдарында жұмыс істейтін болады 22.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-22T11:36+0500
2023-09-22T11:36+0500
2023-09-22T11:36+0500
қазмұнайгаз
кеме
https://sputnik.kz/img/07e7/09/16/38681168_0:29:3537:2019_1920x0_80_0_0_24e84851ee0f92d1d2e32a9d7e072c36.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық екі сүйреткіш кеме Парсы шығанағында жұмыс істеу үшін үш жылға жалға алынды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз"."Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі "Талас" және "Ембі" екі буксирі Парсы шығанағында жұмысқа кірісуге дайын", - делінген хабарламада.Кемелерді жалға алу туралы келісімшарт "Қазмұнайгаз" бен Abu Dhabi Ports Group (БАӘ) арасында жасалды. Сүйреткіш кемелер үш жылға жалға берілді.Қазақстандық экипаждары бар буксирлер Каспий теңізінен Ресейдің су жолдары, Түрік бұғаздары, Суэц каналы және Аден шығанағы арқылы 52 күн теңіз жолында жүрді. 5000-нан астам теңіз милін (шамамен 9500 шақырым) жүріп өтіп, Парсы шығанағына жетті, дейді компания."Буксирлер Әмірліктердегі Әбу-Даби аймағының (Аль-Галлан және Дас аралдары) оффшорлық жобаларына тартылатын болады", - деп толықтырды "Қазмұнайгаз".Қазмұнайгаздың мәліметінше, жақын арада Парсы шығанағына "Ырғыз" деп аталатын үшінші буксирді жөнелту жоспарланып отыр."Кемелерді жалға беру – "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық кеме қатынасы компаниясына Парсы шығанағының теңіз сервистік қызметтері нарығына шығуға, кірісті арттыруға және жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Қазмұнайгаз".
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/16/38681168_404:0:3133:2047_1920x0_80_0_0_985d93d35eaa55d4f3abcf7e4590423b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, кеме
Қазақстандық екі сүйреткіш кеме Парсы шығанағына шықты – ҚазМұнайГаз
Қазақстандық кемелер Біріккен Араб Әмірлігінің оффшорлық жобалары аясында Аль-Галлан және Дас аралдарында жұмыс істейтін болады
АСТАНА, 22 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық екі сүйреткіш кеме Парсы шығанағында жұмыс істеу үшін үш жылға жалға алынды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
"Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі "Талас" және "Ембі" екі буксирі Парсы шығанағында жұмысқа кірісуге дайын", - делінген хабарламада.
Кемелерді жалға алу туралы келісімшарт "Қазмұнайгаз" бен Abu Dhabi Ports Group (БАӘ) арасында жасалды. Сүйреткіш кемелер үш жылға жалға берілді.
Қазақстандық экипаждары бар буксирлер Каспий теңізінен Ресейдің су жолдары, Түрік бұғаздары, Суэц каналы және Аден шығанағы арқылы 52 күн теңіз жолында жүрді. 5000-нан астам теңіз милін (шамамен 9500 шақырым) жүріп өтіп, Парсы шығанағына жетті, дейді компания.
"Буксирлер Әмірліктердегі Әбу-Даби аймағының (Аль-Галлан және Дас аралдары) оффшорлық жобаларына тартылатын болады", - деп толықтырды "Қазмұнайгаз".
Қазмұнайгаздың мәліметінше, жақын арада Парсы шығанағына "Ырғыз" деп аталатын үшінші буксирді жөнелту жоспарланып отыр.
"Кемелерді жалға беру – "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық кеме қатынасы компаниясына Парсы шығанағының теңіз сервистік қызметтері нарығына шығуға, кірісті арттыруға және жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Қазмұнайгаз".