Қазақстанда мақта-тоқыма кластерін құру жоспарланып жатыр

© PhotoМақта
Мақта - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2023
Жазылу
Ел аумағында мақта тек Түркістан облысында өсіріледі, сондықтан кластер жобасын осы өңірдің әкімдігі дайындады
АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Үкімет отырысында мақта саласын дамыту перспективалары мен қолдау мүмкіндіктері талқыланды. Қазақстанда мақта тек Түркістан облысында өсірілетіндіктен, өңір әкімдігі мақта-тоқыма кластерін салу жобасын әзірледі, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жобада 75 мақта тоқыма зауыттарын, кәсіпорындар мен фабрикалар салу жоспарланған. Күтілетін нәтиже – 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орны және бюджетке жыл сайын 26,2 млрд теңгеге жуық түсім. Алайда жоба авторлары толық іске асыру үшін инвестиция қажет екенін айтты.
"Өткен жылдан бері сала жағымсыз сыртқы факторлардың қатты қысымына ұшырады. Бұл экспортқа мақта жеткізудің бұрынғы логистикалық тізбектерінің бұзылуы, шетелдік трейдерлер тарапынан қазақстандық шикізатқа сұраныстың төмендігі, биржада шикізаттың төмен бағасы", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.
Қазір Өзбекстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында облыста тоқыма бұйымдарын өндіруді жолға қоюға ниетті Global Textile компаниясымен бірлескен жоба іске асырылуда.
Отандық тоқыма кәсіпорындарын қолдау үшін әкімдік мемлекеттік сатып алу шеңберінде отандық қамту үлесін 70%-ке дейін арттыруды ұсынды. Сонда қазақстандық өнім темір жолға дейінгі бірнеше салада сұранысты қамтамасыз ете алады.
Сондай-ақ кеңесте мақта саласын тоқыма және тігін өнеркәсібімен қатар толыққанды дамыту үшін жергілікті тұқым шаруашылығын дамыту қажет екені айтылды. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55% қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда мақта өсіру саласында 70 мыңға жуық фермер жұмыс істейді. 2022 жылы 362 мың тонна мақта жиналды, биыл тек 300 мың тонна ғана жиналады деп болжанған.
Жаңалықтар
0