https://sputnik.kz/20230922/qazaqstanda-eki-zhana-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosylady-38680915.html
Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Қажет қаражатты әкімдіктер мен банк бірге бөледі 22.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-22T09:28+0500
2023-09-22T09:28+0500
2023-09-22T09:29+0500
ипотека
ипотекалық бағдарлама
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_615acd531200773b449bb25123bea106.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның екі аймағында жастарға арналған ипотека іске қосылады.Жастарға арналған ипотеканы Павлодар облысы ("Ертіс жастары") мен Ақсу қаласының тұрғындары рәсімдей алады. Жергілікті билік Отбасы банкпен келісім жасаған. Қажет қаражатты әкімдіктер мен банк бірге бөледі.Қатысушыларға қойылатын талаптарИпотека шарттарыӨтінім қабылдайтын күн мен нақты талаптар туралы мәліметті жергілікті әкімдіктер қосымша хабарлайды.Отбасы банктің баспасөз қызметі жастарға арналған бағдарлама Қазақстанның көп облысын қамтығанын атап өтті. Ол Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Жетісу, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Абай, Ұлытау облыстарында іске қосылған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы 98 млрд теңге жұмсалады.
https://sputnik.kz/20230825/zhana-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosyla-ma--ulttyq-bank-zhauaby-37946688.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_20fd79dcabdea1fe0e8ab092e0ec5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ипотека, ипотекалық бағдарлама
ипотека, ипотекалық бағдарлама
Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
09:28 22.09.2023 (жаңартылды: 09:29 22.09.2023) Қажет қаражатты әкімдіктер мен банк бірге бөледі
АСТАНА, 22 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның екі аймағында жастарға арналған ипотека іске қосылады.
Жастарға арналған ипотеканы Павлодар облысы ("Ертіс жастары") мен Ақсу қаласының тұрғындары рәсімдей алады. Жергілікті билік Отбасы банкпен келісім жасаған. Қажет қаражатты әкімдіктер мен банк бірге бөледі.
Қатысушыларға қойылатын талаптар
Қарыз алушының жасы 35-тен аспау керек.
Соңғы 5 жылда меншігінде жылжымайтын мүлік болмауға тиіс.
Ресми жұмыс өтілі өтініш берген сәтте 6–12 ай (аймаққа байланысты) болуы қажет.
Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Жастар қызмет ететін салаға қатысты шектеулер бар.
Пайыздық мөлшерлеме — жылына 5 %-дан (ЖТСМ — 5.2 %-дан) басталады.
Қарызға берілетін ең көп сома — 10 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін, көлемі өңірге байланысты. Егер таңдалған үй одан қымбат тұрса, қалған ақшаны қатысушы өз қалтасынан төлейді.
Кредит мерзімі — 19 жылға дейін.
Өтінім қабылдайтын күн мен нақты талаптар туралы мәліметті жергілікті әкімдіктер қосымша хабарлайды.
Отбасы банктің баспасөз қызметі жастарға арналған бағдарлама Қазақстанның көп облысын қамтығанын атап өтті. Ол Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Жетісу, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Абай, Ұлытау облыстарында іске қосылған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы 98 млрд теңге жұмсалады.