https://sputnik.kz/20230922/ozbekstanda-70-ten-astam-bala-ulanyp-qaldy-38694688.html
Өзбекстанда 70-тен астам бала уланып қалды
Өзбекстанда 70-тен астам бала уланып қалды
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде балалар йод препаратынан улануы мүмкін деген қауесет тарап жатыр 22.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-22T14:31+0500
2023-09-22T14:31+0500
2023-09-22T14:31+0500
балалар
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанның Наманган облысы Чустский ауданында 70-тен астам бала уланып қалды, деп хабарлады Газета.uz порталы.9 балабақша мен 2 мектептің тәрбиеленушілері уланып қалған. Өзбекстанның ресми мемлекеттік органдары балалардың нақты неден уланғанын әлі айтпаған. Ал әлеуметтік желіде йод препаратынан улануы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Алғашқы ақпарат осы әлеуметтік желі арқылы тараған.Ата-аналар балаларға йод препараты берілгенін айтады.Газета.uz порталының хабарлауынша, осы аптадан бастап Өзбекстанда балаларды апта сайын йодтау бағдарламасы іске қосылған.Ал Namanganliklar.uz тelegram арнасы облыстық денсаулық сақтау басқармасының 21 қыркүйекте сағат 16:00-ден бастап аудандық медициналық бірлестікке 71 бала келіп түскені туралы мәлімдемесін жариялады. Балалардың дене қызуы көтеріліп, кейбіреулерінің іші ауырып құсқан.Басқарма жедел түрде жұмыс тобын құрып, тергеуді бастаған. Жағдайы қанағаттанарлық тоғыз бала үйге жіберілген. Қалған балалар дәрігерлердің бақылауында. Жансақтау бөліміне түскендер жоқ.Аурудың болжамды себебі әлі анықталмаған. Ал жауапты басқарма йод препаратымен улану нұсқасы тексеріліп жатқандығын айтады. Балаларға антиструмин мен йодомарин берілген. Антиструмин препаратын 12 жасқа дейінгі балаларға қабылдауға болмайды.Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі 22 қыркүйекте балалардың жаппай улануын растап, мәлімдеме жасады.Барлық бала белгіленген стандарттарға сәйкес емделіп жатыр, түпкілікті диагноз қою үшін сараптама жасалып жатыр. Бұл жағдайды Өзбекстан денсаулық сақтау министрі жеке өз бақылауына алған.Бас прокуратураның баспасөз қызметі улану фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.Ведомство төтенше жағдай енгізілгені туралы әлеуметтік желідегі хабарламаларды жоққа шығарды.Наманган облысының Денсаулық сақтау басқармасы 22 қыркүйекте сағат 6:00 шамасында балалар медициналық мекемеден біртіндеп шығарылып жатқанын хабарлады.
https://sputnik.kz/20230916/zhetisu-oblysynda-qonaqtar-uylenu-toyynda-ulanyp-qaldy-tergeu-ayaqtaldy-38520071.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, өзбекстан
Өзбекстанда 70-тен астам бала уланып қалды
Әлеуметтік желіде балалар йод препаратынан улануы мүмкін деген қауесет тарап жатыр
АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанның Наманган облысы Чустский ауданында 70-тен астам бала уланып қалды, деп хабарлады Газета.uz порталы.
9 балабақша мен 2 мектептің тәрбиеленушілері уланып қалған. Өзбекстанның ресми мемлекеттік органдары балалардың нақты неден уланғанын әлі айтпаған. Ал әлеуметтік желіде йод препаратынан улануы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Алғашқы ақпарат осы әлеуметтік желі арқылы тараған.
Ата-аналар балаларға йод препараты берілгенін айтады.
Газета.uz порталының хабарлауынша, осы аптадан бастап Өзбекстанда балаларды апта сайын йодтау бағдарламасы іске қосылған.
Ал Namanganliklar.uz тelegram арнасы облыстық денсаулық сақтау басқармасының 21 қыркүйекте сағат 16:00-ден бастап аудандық медициналық бірлестікке 71 бала келіп түскені туралы мәлімдемесін жариялады. Балалардың дене қызуы көтеріліп, кейбіреулерінің іші ауырып құсқан.
Басқарма жедел түрде жұмыс тобын құрып, тергеуді бастаған. Жағдайы қанағаттанарлық тоғыз бала үйге жіберілген. Қалған балалар дәрігерлердің бақылауында. Жансақтау бөліміне түскендер жоқ.
Аурудың болжамды себебі әлі анықталмаған. Ал жауапты басқарма йод препаратымен улану нұсқасы тексеріліп жатқандығын айтады. Балаларға антиструмин мен йодомарин берілген. Антиструмин препаратын 12 жасқа дейінгі балаларға қабылдауға болмайды.
Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі 22 қыркүйекте балалардың жаппай улануын растап, мәлімдеме жасады.
Барлық бала белгіленген стандарттарға сәйкес емделіп жатыр, түпкілікті диагноз қою үшін сараптама жасалып жатыр. Бұл жағдайды Өзбекстан денсаулық сақтау министрі жеке өз бақылауына алған.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі улану фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Балалардың немен уланғаны белгісіз болғандықтан, қате және әртүрлі болжамдарға негізделген ақпаратты таратпауды сұраймыз", — дейді Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Ведомство төтенше жағдай енгізілгені туралы әлеуметтік желідегі хабарламаларды жоққа шығарды.
Наманган облысының Денсаулық сақтау басқармасы 22 қыркүйекте сағат 6:00 шамасында балалар медициналық мекемеден біртіндеп шығарылып жатқанын хабарлады.