https://sputnik.kz/20230922/ata-anasy-qaytys-bolgan-6-oqushyny-qaqqan-zhasospirim-turaly-tyn-derek-shyqty-38698064.html
"Ата-анасы қайтыс болған": 6 оқушыны қаққан жасөспірім туралы тың дерек шықты
"Ата-анасы қайтыс болған": 6 оқушыны қаққан жасөспірім туралы тың дерек шықты
Sputnik Қазақстан
Туған ағасы Райымбек аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етеді 22.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-22T16:20+0500
2023-09-22T16:20+0500
2023-09-22T16:20+0500
оқушы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_19:0:4095:2293_1920x0_80_0_0_3233ab5c9f8669dbcd06d86945bc5c29.jpg
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 6 оқушыны көлікпен қаққан жасөспірімнің әлеуметтік жағдайы, тәртібі мен оқу үлгерімі туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне мұғалімдері айтып берді.10-сынып оқушысы ағасының көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Ол туған ағасының қамқорлығында. Өйткені 2011 жылы әкесінен, 2021 жылы анасынан айырылып, жетім қалған.Оқушы тіпті мектеп ішілік өзін-өзі басқару комитетіне сайлауға қатысқалы жүрген."Өзін-өзі басқару комитетіне ұсынылып, жақын күндерде сайлау өтеді деп жоспарлап жүр едік. Сайлауға кандидатурасын өзі ұсынды. Оқушының бойында жақсы қасиет көп, сыныптастарымен, мейлі кіммен болсын, қарым-қатынасы өте жақсы бала. Ата-анасының кенже ұлы. Марқұм анасын сондай қатты жақсы көретін, анасының да мейірімі бұл баласына ерекше еді", - дейді мектеп директоры.Анасы өмірден өткенде мектеп психологтары баламен жұмыс істеген. Бала күйзеліске түспей, болашаққа ұмтылған жалындап тұрған оқушы дейді мұғалімдері.Еске сала кетейік, Нарынқол ауылында оқушы көлікпен 6 жасөспірімді қағып кетті. Оның бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі күні оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20230922/almatyda-oqushy-kolikpen-6-adamdy-qagyp-ketti-bes-zhasospirim-zhansaqtau-boliminde-zhatyr-38688592.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_528:0:3585:2293_1920x0_80_0_0_691c7d0f85e5625d792fda1db999c045.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, жол апаты
"Ата-анасы қайтыс болған": 6 оқушыны қаққан жасөспірім туралы тың дерек шықты
Туған ағасы Райымбек аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етеді
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 6 оқушыны көлікпен қаққан жасөспірімнің әлеуметтік жағдайы, тәртібі мен оқу үлгерімі туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне мұғалімдері айтып берді.
10-сынып оқушысы ағасының көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Ол туған ағасының қамқорлығында. Өйткені 2011 жылы әкесінен, 2021 жылы анасынан айырылып, жетім қалған.
"Ағасы Райымбек аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етеді. Оқушының еш оғаш қылығы болған емес. Спортпен айналысады, сабақтағы үлгерімі де, тәртібі де өте жақсы оқушы. Бұл бір жазым болып тұр", - дейді Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептің директоры Мүтәліп Стыбеков.
Оқушы тіпті мектеп ішілік өзін-өзі басқару комитетіне сайлауға қатысқалы жүрген.
"Өзін-өзі басқару комитетіне ұсынылып, жақын күндерде сайлау өтеді деп жоспарлап жүр едік. Сайлауға кандидатурасын өзі ұсынды. Оқушының бойында жақсы қасиет көп, сыныптастарымен, мейлі кіммен болсын, қарым-қатынасы өте жақсы бала. Ата-анасының кенже ұлы. Марқұм анасын сондай қатты жақсы көретін, анасының да мейірімі бұл баласына ерекше еді", - дейді мектеп директоры.
Анасы өмірден өткенде мектеп психологтары баламен жұмыс істеген. Бала күйзеліске түспей, болашаққа ұмтылған жалындап тұрған оқушы дейді мұғалімдері.
Еске сала кетейік, Нарынқол ауылында оқушы көлікпен
6 жасөспірімді қағып кетті. Оның бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі күні оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.