Ақтөбеде заңсыз интернет казино халықтан жарты миллиард теңге жинаған – үш адам ұсталды

© Photo : Pixabay / PexelsСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2023
Жазылу
Ойыншылар саны 800 адамнан асады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе қаласында онлайн форматта заңсыз интернет-казино ұйымдастырған үш адам тергеуге алынды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Ұсталған азаматтар тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған.
"Алдын-ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңгені құрады. Ойыншылар саны 800 адамнан асады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексеріліп жатыр", - дейді агенттік мамандары.
Тінту кезінде заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақша тәркіленді.
Жаңалықтар
0