Қоғам

Жыл басынан бері 112 мемлекеттік қызметшіге 35 млн теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Антикор мемлекеттік қызметшілерге айыппұл не үшін салынатынын түсіндірді
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері 112 мемлекеттік қызметшіге 35 млн теңге айыппұл салынған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 8 ай ішінде 112 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 35 млн теңгені құрайды", - делінген Антикор хабарламасында.
Мәселен, Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тексеру комиссиясының аудиторын өз пәтерінде роликті перделер орнату түрінде заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін әкімшілік жауапқа тартты. Бұл үшін аудитор объектіні тексеру тізімінен алып тастаған. Мұндай әрекеттері үшін аудиторға 2 млн теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ жемқорлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі – лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы.
"Бизнес жол" жобасы аясында қала құрылысын бақылау, қала құрылысы және урбанистика басқармаларының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының Антикоры лауазымды тұлғалардың адал кәсіпкердің заңды қызметпен айналысуына кедергі келтіретін заңсыз актілер шығарғанын анықтаған. Сот шешімі негізінде лауазымды тұлғалар заңсыз әрекеттері үшін 100 АЕК айыппұл төледі.
Әкімшілік құқықбұзушылық кодексін де жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін де жауапкершілік көзделген.
Мәселен, Қостанай облысында ветеринариялық бақылау жөніндегі аумақтық инспекция басшысы бас маманды жұмысқа қабылдаған. Бұл ретте қызметкер лауазымға тағайындалғанға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырмаған. Осылайша ветеринариялық инспекция басшысына жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша 172 мың теңге айыппұл салынды.

Мемлекеттік қызметкерлер не үшін айыппұл төлейді

Антикордың ақпаратынша, мемлекеттік қызметшілер көбінесе жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзғаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қолданбағаны, бизнестің заңды қызметіне кедергі келтіргені, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны, іс жүргізу әрекеттерімен байланысты құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапқа тартылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі әкімшілік іс жүргізу тәжірибесі көптеген елдерінде қолданылады.
Мысалы, француз заңнамасында жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке емес, әкімшілік шараларға басымдық беріледі. Латвияда жемқорлар қылмыстық жауапкершіліктен 10 есе көп әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Әкімшілік практиканы қолдануды халықаралық ГРЕКО ұйымы да ұсынады.
Айта кетері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы ақпаратты 1424 нөмірі немесе @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы қабылдайды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Қоғам
Ұлытау облысында 9 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0