https://sputnik.kz/20230921/zhambylda-tanquray-otyrgyzuga-bolingen-900-mln-tenge-zhymqyrylgan--is-sotqa-zhiberildi-38640792.html
Жамбылда таңқурай отырғызуға бөлінген 900 млн теңге жымқырылған – іс сотқа жіберілді
Жамбылда таңқурай отырғызуға бөлінген 900 млн теңге жымқырылған – іс сотқа жіберілді
Sputnik Қазақстан
Тергеу нәтижесі көрсеткендей, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмаған, көшеттер мүлдем сатып алынбаған 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T09:30+0500
2023-09-21T09:30+0500
2023-09-21T09:30+0500
бас прокуратура
таңқурай
ақшаны жылыстату
https://sputnik.kz/img/1425/52/14255270_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_6f5dd4c36963cdcd1e7e9f58e30f4abd.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысында таңқурай отырғызу үшін субсидияға бөлінген 900 млн теңгеден астам қаржы жымқыру ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды өңір прокуратурасының баспасөз қызметі.Тергеу нәтижесі көрсеткендей, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмаған, көшеттер мүлдем сатып алынбаған."Өздерінің қылмыстық әрекеттері арқылы 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген", - деп нақтылады ведомство.7 қыркүйекте аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын."Тергеу барысында барлық күдікті қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүліктеріне тыйым салынды", - деп атап өтті прокуратура.
https://sputnik.kz/20230704/sport-salasyn-damytuga-bolingen-270-million-tengege-zhuyq-qarzhy-zhymqyrylgan-36521292.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1425/52/14255270_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_3d62de58581a712220d4674444854a28.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, таңқурай, ақшаны жылыстату
бас прокуратура, таңқурай, ақшаны жылыстату
Жамбылда таңқурай отырғызуға бөлінген 900 млн теңге жымқырылған – іс сотқа жіберілді
Тергеу нәтижесі көрсеткендей, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмаған, көшеттер мүлдем сатып алынбаған
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Жамбыл облысында таңқурай отырғызу үшін субсидияға бөлінген 900 млн теңгеден астам қаржы жымқыру ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды өңір прокуратурасының баспасөз қызметі.
"Таңқурайдың элиталық сортын отырғызуды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықталды. 12 қыркүйекте қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Тергеу нәтижесі көрсеткендей, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмаған, көшеттер мүлдем сатып алынбаған.
"Өздерінің қылмыстық әрекеттері арқылы 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген", - деп нақтылады ведомство.
7 қыркүйекте аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын.
"Тергеу барысында барлық күдікті қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүліктеріне тыйым салынды", - деп атап өтті прокуратура.