https://sputnik.kz/20230921/sqo-akimdigi-salynbagan-su-qubyryna-87-mln-tenge-zhumsagan-38673021.html
СҚО әкімдігі салынбаған су құбырына 87 млн теңге жұмсаған
СҚО әкімдігі салынбаған су құбырына 87 млн теңге жұмсаған
Sputnik Қазақстан
Прокуратураның араласуынан кейін ақша бюджетке қайтарылды, ал ТКШ бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылды 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T20:00+0500
2023-09-21T20:00+0500
2023-09-21T20:00+0500
су
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1b/15307502_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3f8727a5f90c357fc3e32cbbdf57781a.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 21 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар салынбаған су құбырына жұмсалған 87 миллион теңгені мемлекет бюджетіне қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Прокурорлық қадағалау актісі және әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен ТКШ бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды, ал негізсіз төленген қаражат толық көлемде өтелді. Нысан құрылысының барысы бақылауға алынды.Бұл аймақта сумен жабдықтауға қатысты мәселе бір бұл емес. Мысалы, шілде айында прокуратура Жамбыл ауданында су бұру құрылысы кезінде бюджет қаражатының ұрлануына байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасы биыл наурыз-сәуір айларында осы ауданның Ұзынкөл және Айымжан ауылдарына су құбыры тартылатынын айтқан. Алайда бұл ауылдарға су әлі де берілмеген. Адамдар ұңғымалардан су ішуге мәжбүр.Жақында облыстық әкімдікте өткен кеңесте СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Павел Шилов биыл өңірде сумен жабдықтауға және су бұруға 18 млрд теңге бөлінгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін айтты. Ол 40 ауылда 250 шақырым желі жаңғыртылып, екі мың үй суға қосылады деп уәде берді.Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 40 мыңнан астам адам тұратын 220 ауыл сумен қамтамасыз етілмеген.Павел Шиловтың айтуынша, өткен жылы іске қосылуға тиіс болған, бірақ жүзеге аспаған жобалар бар. Игерілмеген қаражат, жауапсыз мердігер және сот процесі салдарынан халық ауыз сусыз отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1b/15307502_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_49333a8ca19cd4a937bcc6c866075301.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су
СҚО әкімдігі салынбаған су құбырына 87 млн теңге жұмсаған
Прокуратураның араласуынан кейін ақша бюджетке қайтарылды, ал ТКШ бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылды
ПЕТРОПАВЛ, 21 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар салынбаған су құбырына жұмсалған 87 миллион теңгені мемлекет бюджетіне қайтарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 87 млн теңге көлемінде ақы төлеген", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокурорлық қадағалау актісі және әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен ТКШ бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды, ал негізсіз төленген қаражат толық көлемде өтелді. Нысан құрылысының барысы бақылауға алынды.
Бұл аймақта сумен жабдықтауға қатысты мәселе бір бұл емес. Мысалы, шілде айында прокуратура Жамбыл ауданында су бұру құрылысы кезінде бюджет қаражатының ұрлануына байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасы биыл наурыз-сәуір айларында осы ауданның Ұзынкөл және Айымжан ауылдарына су құбыры тартылатынын айтқан. Алайда бұл ауылдарға су әлі де берілмеген. Адамдар ұңғымалардан су ішуге мәжбүр.
Жақында облыстық әкімдікте өткен кеңесте СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Павел Шилов биыл өңірде сумен жабдықтауға және су бұруға 18 млрд теңге бөлінгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін айтты. Ол 40 ауылда 250 шақырым желі жаңғыртылып, екі мың үй суға қосылады деп уәде берді.
Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 40 мыңнан астам адам тұратын 220 ауыл сумен қамтамасыз етілмеген.
Павел Шиловтың айтуынша, өткен жылы іске қосылуға тиіс болған, бірақ жүзеге аспаған жобалар бар. Игерілмеген қаражат, жауапсыз мердігер және сот процесі салдарынан халық ауыз сусыз отыр.