Спорт

ШЫҰ елдерінің спорттық ойындары өткізіледі

© Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуШЫҰ елдерінің тулары
ШЫҰ елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық 2024 жылы Қазақстанға өтеді
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Ресей спорт министрі Олег Матыцин Қазақстанның елшісі Дәурен Абаевпен кездесуінде ШЫҰ спорттық ойындарын өткізу идеясын бірлесіп қолға алуды ұсынды, деп хабарлады РФ Спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 2024 жылы Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етеді.

"Біз ШЫҰ аясындағы спорттық ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне сенімдіміз. Ресей осы алаңда бірқатар бастама көтеріп үлгерді. Біздің қазақстандық достарымыз өздерінің төрағалығы аясында ШЫҰ-дағы спортты дамыту іс-шараларын қолдайды деп үміттенемін. Өз тарапымнан барынша көмек көрсетуге дайынмын", – деді Олег Матыцин.

Сонымен қатар Матицын қазақстандық спортшыларды 2024 жылы Ресейде өтетін барлық ашық спорттық іс-шараға, соның ішінде Қазандағы Болашақ ойындары мен БРИКС ойындарына, Мәскеу мен Екатеринбургтегі Достық ойындарына қатысуға шақырды.
"Біз тікелей диалогқа ашықпыз және Қазақстан спортшыларын Ресейде өтетін барлық халықаралық спорттық іс-шараға шақырамыз", - деді ол.
Тараптар 2024-2026 жылдарға арналған екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықты дамытудың Спорттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жандандыруға келісті. Матицын Қазақстан делегациясын 2023 жылдың қазан айында өтетін "Ресей – спорт державасы" халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Жаңалықтар
0