https://sputnik.kz/20230921/petropavl-turgyny-zhana-tugan-qyzyn-besinshi-qabattan-laqtyryp-zhibermek-bolgan-38639083.html
Петропавл тұрғыны жаңа туған қызын бесінші қабаттан лақтырып жібермек болған
Петропавл тұрғыны жаңа туған қызын бесінші қабаттан лақтырып жібермек болған
Sputnik Қазақстан
Ол мас күйде болған 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T07:59+0500
2023-09-21T07:59+0500
2023-09-21T08:03+0500
өңірлер
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Петропавлда 23 жастағы ер адам әлі жасқа талмаған нәрестесін терезеден лақтырмақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz.20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласының полиция бөлімшесіне Маяковский, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. 2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен жоқ. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.Ұсталған азамат - Солтүстік Қазақстан облысының 23 жастағы тұрғыны, ол мас күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал туындаған. Араққа сылқия тойып алған ер адам ортақ кішкентай нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Петропавл тұрғыны жаңа туған қызын бесінші қабаттан лақтырып жібермек болған
07:59 21.09.2023 (жаңартылды: 08:03 21.09.2023) Ол мас күйде болған
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Петропавлда 23 жастағы ер адам әлі жасқа талмаған нәрестесін терезеден лақтырмақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласының полиция бөлімшесіне Маяковский, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады.
"Төтенше жағдайлар депаратментінің қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке кірген. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке Солтүстік Қазақстан облыстық полиция депаратментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері кіріп, ер адамды қолға түсірді", - деп хабарлады полиция.
2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен жоқ. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.
Ұсталған азамат - Солтүстік Қазақстан облысының 23 жастағы тұрғыны, ол мас күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал туындаған. Араққа сылқия тойып алған ер адам ортақ кішкентай нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.