Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Дикий Арманның соты жабық режимде өтеді

© Photo : instagram/armandzhumageldiev Дикий Арман
 Дикий Арман  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Шешім процеске қатысушылардың қауіпсіздігі үшін қабылданды
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке, ҰҚК 5-ші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақовқа және Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге қатысты басты сот талқылауы 6 қазанда өтеді. Сот процесі Алматының №72 тергеу абақтысында жабық режимде өтеді.
Аты-жөні құпияланған он жәбірленуші, Димаш бүркеншік атымен бір куәгер және үш сотталушы басты сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтініш білдірген. Олар жеке басы үшін және жақын туыстарының өмірі үшін қауіптенетінін айтқан. Кейінірек өтініш білдірушілердің бірі, сотталушы Амандықов өз өтінішінен бас тартып, процеске онлайн режимде қатыстыруды сұрады.
2022 жылдың қаңтарындағы қақтығыс кезінде тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінген 45 адамның мәселесі сотта қаралып жатыр.
Қайрат Құдайбергенге Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Ал Дикий Арманға 11 бап бойынша айып тағылды: қылмыстық топ құру, бандитизм, заңсыз бас бостандығынан айыру, қару-жарақты заңсыз алып жүру, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу. Руслан Ысқақов қылмыстық топ құру, бандитизм, адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру бойынша айыпталды.
Сот процестері әлі басталмағанына қарамастан, шулы мәлімдемелер жасалды. ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Назарбаевтың жиені Самат Әбіштің бұйрығын орындағанын, ал Алматы қаласы штабын Мәжілов басқарғанын айтты. Кейінірек Бас прокуратура қаңтар айындағы оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікпен Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды және одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.
Самат Әбіш - ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Нұрлан Мәжілов – Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы бастығы, ол қаңтар оқиғасы бойынша 6 жылға сотталды.
Жаңалықтар
0