https://sputnik.kz/20230921/ayyppul-alty-ese-osedi-uleskerlerdin-aqshasyn-tartu-tartibi-ozgeredi-38672211.html
Айыппұл алты есе өседі: үлескерлердің ақшасын тарту тәртібі өзгереді
Айыппұл алты есе өседі: үлескерлердің ақшасын тарту тәртібі өзгереді
Sputnik Қазақстан
Қазір жауапсыз құрылыс салушыларға 300 АЕК, яғни 1 миллион 35 мың теңге айыппұл салынады 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T19:25+0500
2023-09-21T19:25+0500
2023-09-21T19:25+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/1150/74/11507440_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_466a50f683a4f5db9f0f82d241e26ecd.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда үлескерлердің ақшасын құрылысқа салу тәртібі өзгереді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс саласын дамыту басқармасының басшысы Ерлан Құлышев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрлік "Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы" заң жобасына бірнеше өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Олар:"Заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр. Жақын арада біз осы түзетулерді енгіземіз", - деді Құлышев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Оның айтуынша, бұл өзгерістер проблемалық нысандарды болдырмау үшін енгізіліп отыр."Жаңа проблемалық нысандар шықпасын десек, халықты үлескерлік қатысу туралы келісімшарттарды рәсімдеуге үйрету керек. Әкімдіктер осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі де жарияланып тұрады. Дегенмен адамдар төмен бағаны көріп, заңсыз келісімшарттарды рәсімдеп жатады", - деп атап өтті басқарма басшысы.Қазіргі кезде құрылыс компаниялары көп жағдайда үлескерлік келісімшартты емес, брондау шартын ұсынып жатады. Ондайда ешқандай кепілдік жоқ. Ал үлескерлік келісімшарт болса, құрылыс компаниясы ғана емес, мемлекет те жылжымайтын мүлікті алуға кепілдік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1150/74/11507440_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_be4e0be5e97055c29ace57c8a782e9f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
Айыппұл алты есе өседі: үлескерлердің ақшасын тарту тәртібі өзгереді
Қазір жауапсыз құрылыс салушыларға 300 АЕК, яғни 1 миллион 35 мың теңге айыппұл салынады
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда үлескерлердің ақшасын құрылысқа салу тәртібі өзгереді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс саласын дамыту басқармасының басшысы Ерлан Құлышев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік "Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы" заң жобасына бірнеше өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Олар:
барлық үлескерлік қатысу келісімшарттарын әділет органдарында тіркеу;
барлық төлемді қолма-қол ақшасыз жасау;
үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат болмаса, сондай-ақ Қазақстанның тұрғын үй компаниясы кепілдік бермеген жағдайда жарнама жасауға тыйым салу;
заңсыз ақша тартқан құрылыс компанияларына салынатын айыппұлды 300 АЕК-тен (1 млн 35 мың теңгеден) 2000 АЕК-ке (6 млн 900 мың теңгеге) дейін көтеру.
"Заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр. Жақын арада біз осы түзетулерді енгіземіз", - деді Құлышев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, бұл өзгерістер проблемалық нысандарды болдырмау үшін енгізіліп отыр.
"Жаңа проблемалық нысандар шықпасын десек, халықты үлескерлік қатысу туралы келісімшарттарды рәсімдеуге үйрету керек. Әкімдіктер осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі де жарияланып тұрады. Дегенмен адамдар төмен бағаны көріп, заңсыз келісімшарттарды рәсімдеп жатады", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Қазіргі кезде құрылыс компаниялары көп жағдайда үлескерлік келісімшартты емес, брондау шартын ұсынып жатады. Ондайда ешқандай кепілдік жоқ. Ал үлескерлік келісімшарт болса, құрылыс компаниясы ғана емес, мемлекет те жылжымайтын мүлікті алуға кепілдік береді.