https://sputnik.kz/20230921/30-ese-zhogary-tarif-belgilegen-ukimette-monopoliyaga-qarsy-sharalar-talqylandy-38638632.html
Қазақстанда жеке компания мұнайды 30 есе жоғары бағамен тасымалдаған
Қазақстанда жеке компания мұнайды 30 есе жоғары бағамен тасымалдаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және... 21.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-21T07:28+0500
2023-09-21T07:28+0500
2023-09-21T08:09+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38638469_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_3935c50301c31fa9ebe26b7e9ea32c42.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Кеңесте кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды. Аталған бағытта осыған ұқсас басқа құбырлар болмағандықтан, мұнайды балама жолмен тасымалдау мүмкін емес.Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігіне талдау жасау және табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.Сондай-ақ жиында Атырау мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай-химия зауытына аутсорсинг шеңберінде көрсетілетін бірқатар сервистік қызметтерді зауыттардың өз құзыретіне қайтару мәселесі де қаралды. "Атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытында автоматика мен құбыр желілеріне техникалық қызмет көрсету,сумен жабдықтау және сантехникалық қызмет көрсету функцияларын кәсіпорынның қарамағына берудің бірінші кезеңі аяқталғаны айтылды. Қазіргі уақытта мұндай жұмыстар құрылыс-монтаждау қызметтері, электр желілері мен желдету жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жүк жөнелтушінің қызметтері және т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс", - делінген Үкімет хабарламасында.Сонымен қатар жиынға қатысушылар медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру, сондай-ақ бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған теміржол кірме жолдарын пайдалану мәселелерін талқылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38638469_500:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_b9719734eb402e89c9813a0633091e0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кеңесте кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды. Аталған бағытта осыған ұқсас басқа құбырлар болмағандықтан, мұнайды балама жолмен тасымалдау мүмкін емес.
"Соған орай компания өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, мұнайды осындай қашықтыққа тасымалдау үшін нарықтың басқа қатысушылары қолданып отырған тарифтен 30 есе жоғары тариф белгілеген", - делінген хабарламада.
Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігіне талдау жасау және табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Сондай-ақ жиында Атырау мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай-химия зауытына аутсорсинг шеңберінде көрсетілетін бірқатар сервистік қызметтерді зауыттардың өз құзыретіне қайтару мәселесі де қаралды.
"Атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытында автоматика мен құбыр желілеріне техникалық қызмет көрсету,сумен жабдықтау және сантехникалық қызмет көрсету функцияларын кәсіпорынның қарамағына берудің бірінші кезеңі аяқталғаны айтылды. Қазіргі уақытта мұндай жұмыстар құрылыс-монтаждау қызметтері, электр желілері мен желдету жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жүк жөнелтушінің қызметтері және т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс", - делінген Үкімет хабарламасында.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру, сондай-ақ бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған теміржол кірме жолдарын пайдалану мәселелерін талқылады.