Вера Ким қайтадан мәжіліс депутаты болды

© Sputnik / Владислав ВодневФорум волонтеров в Астане
Форум волонтеров в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Жазылу
Ол мәжіліске Ғалымжан Елеуовтің орнына келді
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Вера Ким қайтадан мәжіліске келді. Ол экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне мүше болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Вера Ким экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды. Ол депутаттық өкілеттігін тоқтатқан Ғалымжан Елеуовтің орнына Мәжілістегі "Amanat" фракциясының қатарына қосылды.
Айта кетері, кеше Орталық сайлау комиссиясы бос тұрған мандатты Вера Кимге беру туралы қаулы қабылдаған болатын. Ол 2021 жылдан 2023 жылдың қаңтарына дейін VII шақырылымдағы мәжіліс депутаты болды.
1 қыркүйекте мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Кейінірек Елеуовтің Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаны хабарланды.
Жаңалықтар
0