Тоқаев әлем көшбасшыларына үндеу тастады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на общих дебатах Генассамблеи ООН
Касым-Жомарт Токаев выступил на общих дебатах Генассамблеи ООН - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Жазылу
БҰҰ қысқа мерзімді шешімдерге ғана емес, алдағы ғасырлардағы болашақты айқындайтын шешімдерге де назар аударуы керек
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек — Sputnik. Америкалық The Hill саяси басылымы әлем елдерінің көшбасшыларына үндеу тастаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады.
"БҰҰ қысқа мерзімді шешімдерге ғана емес, біздің ғасырымызды айқындайтын шешімдерге де назар аударуы керек" атты мақаласында Тоқаев әлем елдерінің көшбасшыларын саяси мантаптан жоғары тұратын болашаққа деген жауапкершілікті ұмытпауға шақырды. Оның үстіне биыл "жауапкершілік жүгі әдеттегіден де салмақтырақ".
"БҰҰ қысқа мерзімді шешімдерге ғана емес, біздің ғасырымызды айқындайтын шешімдерге де назар аударуы керек" атты мақаласында Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған күннен бастап 78 жыл ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайын өз шаңырағының астына заманауи халықаралық мәселелерді шешу үшін әлемдік саясаттың ең ықпалды көшбасшыларын жинайды.
"Соңғы жылдардағы тәжірибе біздің өзіміз жақсы білетін, бірақ біздің заманымызда олардың болуы екіталай деген болжамдарымызға сенімді бола отырып, оларға мән бермейтін қауіптерге толықтай дайын емес екенімізді растады", – деп жазады Тоқаев.
Ол сөзіне дәлел ретінде пандемия мен климат өзгерісін мысал етіп алған. "Жоғарыда аталған қауіптердің ішіндегі ең қорқыныштысы ядролық өзін-өзі жою – соңғы айларда ядролық державалар арасындағы шиеленістің күшеюі кезіндегі нақты қауіп. Бұл шиеленіс әлемнің әр аймағында сезіліп, тіпті қырғи-қабақ соғыстың ең ауыр күндерінде де байқалмаған деңгейге жетті", - деп атап өтті Қазақстан президенті.
Тоқаевтың пікірінше, мемлекет басшылары кез келген дағдарыстарды шешугехалықтың бұрынғыдан да жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға толық жауапты.
"Әрбір халықаралық форумның, әрбір отырыстың күн тәртібінде тұрған климат мәселесі де басымдықтар тізімінде жиі төмендеп, оның орнын тез арада шешуді қажет ететін өткінші дағдарыстар басып жатыр", - деп жазды Қазақстан басшысы.
Оның айтуынша, көшбасшылар жұдырықтай жұмылуы керек.
"Біз алдағы бірнеше айдағы шешімдермен шектелмей, күш-жігерімізді алдағы ғасырлардағы болашақты айқындайтын шешімдерге жұмылдыруымыз керек", –делінген Тоқаевтың мақаласында.
Жаңалықтар
0